KOL JETPESIM (2016) (исполнитель: MEYRAMBEK BESPAEV)
Ғұмырды бiр сен деп кешемiн, Бүгiннен ертеңге көшемiн. Таланып талқыңа түссем де, Тағдырымды өзiм шешемiн. Қайырмасы: Гүл-гүлдей жайнап, Бұлбұлдай сайрап, Бакытыңның иран бағында. Алыстан баурап, Жақыннан арбап, Айналдың ба алтын сағымға?! Қорғанып бұқпай, Қарманып ықпай, Таланымның тарттым қиынын. Көнергенiмше, Өле-өлгенiмше, Қол жетпесiм, кұзар биiгiм. Өмiрдi бiр сен деп сүремiн, Қайғырып, жылаймын, күлемiн. Кеудеме мәңгiлiк ұялап, Көкланданып соққан жүрегiм. Қайырмасы: Гүл-гүлдей жайнап, Бұлбұлдай сайрап, Бакытыңның иран бағында. Алыстан баурап, Жақыннан арбап, Айналдың ба алтын сағымға?! Қорғанып бұқпай, Қарманып ықпай, Таланымның тарттым қиынын. Көнергенiмше, Өле-өлгенiмше, Қол жетпесiм, кұзар биiгiм. Сарғайып, сомданып, сафтанып, Ғаламат өртiңе қақталып. Бiр сүйiп арманым болмас ед, Келмеске кетсем мен аттанып. Қайырмасы: Гүл-гүлдей жайнап, Бұлбұлдай сайрап, Бакытыңның иран бағында. Алыстан баурап, Жақыннан арбап, Айналдың ба алтын сағымға?! Қорғанып бұқпай, Қарманып ықпай, Таланымның тарттым қиынын. Көнергенiмше, Өле-өлгенiмше, Қол жетпесiм, кұзар биiгiм.