Сугирдин термеси[www.MuzXIT.ucoz.com] (исполнитель: Еркин Нуржанов)
Ауылға Суrір келді-деп, Ордасын да талай сайлаған. Сары самаурын, ақ құман ей, Кең дастархан жайнаған. Ағалар енді аман бол! Келді ме деп жыршылар, Ботадай көздері жайнаған. Жеңгелерім де бар еді Тал шыбықтай бұралған, Маржандай тістері құралған, Мырза қайным келді деп, Шыға да алмаған құмардан. Келіндерімде' бар еді, Қайнаға келді дегенде. Реңін қалай көрем деп, Сығалап талай қимаған. Құрбыларым да бар еді, Қона кетші құрдас деп. Талай жанды қимаған, Сызылып талай сыйлаған.. lнілерім де бар еді, Сугірдей ағам келді деп. Ат шаптырып айқайлап, Хабар да салған еліме. Таратқан менің даңқымды Мәжілісте байтақ жеріме. Біз журе беріппіз, жігіттер, Халықтың берген желіне. Кыздарым да бар еді, Шай құйып беріп атамның Батихасын алам деп, Саусақтары майысқан.. Алты қанат-ай ақ орда! Біздерде кеттік-ай аман бол! Айрылып қалып-ай барасың, Шабысы жүйрік арыстан