Дүнген қызы (исполнитель: Досымжан Танатаров)

Түндей тұнық көздеріңнің қарасы
Қосылардай қастарыңның арасы
Жалт қарасам, жалын атқан таңмен таласып

    Қиял қанша ертеді елес
    Дүнген қызы, арманым
    Кез боп келсем ертелі-кеш
    Сенен көзді алмадым
    Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім
    Түсінер деп бір қазақтың жүрегін
    Сырғалым

Кімге болсын сүйкімді бір баласың
Көңілімді баурап алып барасың
Гүлге орайсың, күнге орайсың жылда
Елге жаннат ерке Талас даласын

    Қиял қанша ертеді елес
    Дүнген қызы, арманым
    Кез боп келсем ертелі-кеш
    Сенен көзді алмадым
    Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім
    Түсінер деп бір қазақтың жүрегін
    Сырғалым

Сені ойлаумен артта суық қыс қалды
Сені ойлаумен жазғы ұзақ күн қысқа
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайық
Қонақтатып қойып бауға құстарды

    Қиял қанша ертеді елес
    Дүнген қызы, арманым
    Кез боп келсем ертелі-кеш
    Сенен көзді алмадым
    Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім
    Түсінер деп бір қазақтың жүрегін
    Сырғалым
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ynker  Уетэн  Mihran carukyan srtis uzac  Amilo  FLAMINEM  Насндан  Toysoldiers 
О чем песня
Досымжан Танатаров - Дүнген қызы?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен