Жүрегім ҚАЗАҚ (исполнитель: bomba ✌)

[kazVIP.kz]
Сөзі: Қанат Мырзахан, әні: Ғазизхан Шекербеков.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Халқыңның қамы үшін,

Аянба арысым.

Ақ болсын, пәк болсын кіршіксіз намысың.

Себебі, сен қайсар қазақтың

Арысың, жанысың, бағысың, барысың.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Өткенге үңілме,

Тәубе де бүгінге.

Жақсы атқа, мақсатқа жетесің түбінде.

Баянды бақытың өзіңнің тіліңде,

Үніңде, дініңде, діліңде.

Қайырмасы:

Қаның да қазақ, жаның да қазақ,

Ұлтыңның күресші бағы үшін.

Арында қазақ, жалында қазақ

Бар әлем танысын.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Бірігіп Ту үшін,

Бөлінбе ру үшін.

Бар қазақ бауырың, әр қазақ туысың.

Сен де бір тірегі ұлтымның

Ұлысың, гүлісің, жырысың, сырысың.

Жүрегің қазақ, сенесің бе?

Қазағым жеріңде,

Бір қарыс шегінбе.

Отаным менің де,

Отаның сенің де.

Қазағым, тек қана сенікі

Жерің де, кенің де, көлің де, шөлің де.

Қайырмасы:

Қаның да қазақ, жаның да қазақ,

Ұлтыңның күресші бағы үшін.

Арында қазақ, жалында қазақ

Бар әлем танысын.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Hitz ft Tinie Tempah Chase And Status  Ten Thousand Useless Souls My Autumn  You Got Me Rocking The Rolling Stones  Bridgit Mendler-We Can Change The World  Papa Roach - Hollywood Whore  Boom boom boom boom  Turn To Stone Electric Light Orchestra 
О чем песня
bomba ✌ - Жүрегім ҚАЗАҚ?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен