track01 (исполнитель: track)
Көруге көздер ашық, Сезуге көңіл ояу… Түнімен ұйқы қашып, Қалғанда таңға таяу, Ақырын есікті ашып, Төменге түстім баяу, Асықпай анық басып, Көшеге шықтым жаяу...! Оянды ерте қала, Aсығып суыт жандар, Тыныққан ой мен сана, Жүгіріп шыныққандар. Оянды ерте құстар Және де терек-талдар, Оятты біреулерді Тірлік пен себеп-салдар...! Қайырмасы: О, қала! О, біздің әсем қала! Төзімде тағат бар ма? Өмірлік сұрақтарға Өзіңде жауап бар ма??? О, қала! О, біздің ару қала! Сөзіме үн қатпаған, Жай-күйің жұмбақ маған, Сырымды кімге ақтарам??? Шамдардай шағылысқан, Сандардай жаңылысқан, Қозғалып әрлі-берлі, Көліктер ағылысқан. Сеңдердей соғылысқан, Жандардай сағынысқан, Жан-жаққа бара жатыр Адамдар сабылысқан… Қайырмасы: О, қала! О, біздің әсем қала! Төзімде тағат бар ма? Өмірлік сұрақтарға Өзіңде жауап бар ма??? О, қала! О, біздің ару қала! Сөзіме үн қатпаған, Жай-күйің жұмбақ маған, Сырымды кімге ақтарам??? -/-/-/-/-/-/-/-/- Қайырмасы: О, қала! О, біздің әсем қала! Төзімде тағат бар ма? Өмірлік сұрақтарға Өзіңде жауап бар ма??? О, қала! О, біздің ару қала! Сөзіме үн қатпаған, Жай-күйің жұмбақ маған, (2 рет) Сырымды кімге ақтарам???