"Қарттар үйіндегі ой" (исполнитель: Заман тобы)
Бұл неткен шерлі жер еді?! Ел мұнда неге келеді?! Жеткізген әке-шешесін, Қалайша қиып береді?! Қайырмасы: Ұлы мен қызын өсірген, Күндерден күнге көшірген. Қарттардың қайран көз жасы, Кететін емес есімнен. Бір сәуле шашып таң атқан, Үміті күндер санатқан Жалғызын күтіп қарт отыр, Жанарын алмай сағаттан. Қайырмасы: Ұлы мен қызын өсірген, Күндерден күнге көшірген. Қарттардың қайран көз жасы, Кететін емес есімнен. Әкең мен сенің жан анаң, Бақытын күтер баладан. Көздері барда аяла, Шығарма мұны санадан. Қайырмасы: Ұлы мен қызын өсірген, Күндерден күнге көшірген. Қарттардың қайран көз жасы, Кететін емес есімнен. сөзі Рахат ӘБДІРАХМАНОВ әні Асқар ЖАЙЛАУБАЕВ