Ак койлек (2015) [www.ori-kuan.kz] (исполнитель: Сапар)
Көктемнің нұрын, Көк белдің гүлін, Ұсынайын саған, жаным. Еркем, елігім, Еркеле, күнім, Жақсы көрем жанымдай. Шуақты таңдай, Тәп-тәтті балдай, Қылығыңа қана алмадым. Көрмей қаншама ай, Күтпей, аңсамай, Қалай жүрсің сағынбай?! Қ-СЫ: Айдай көрікті ең, Ойлай беріп мен, Ауды ғой саған аңсарым! Қонған бақ қой деп, Киіп ақ көйлек, Сақина тақсын саусағың! 2)Білегің қардай, Жүрегің қандай, Әп-әдемі ақ қайыңдай. Күдей нұр төккен, Жұпарың көктем, Жайнап өскен жаның – гүл. Күтуден талмай, Жанарымды алмай, Жолың күтіп таппайын жай. Келерсің бір күн, Көктемде мүмкін, Сағындырсаң - сағындыр!