Жылы жаңбыр құйып тұр...(оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) (исполнитель: Қалқаман САРИН)

Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса құйсын.
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.

Жаушы жаңбыр, жауа түс, жаушы жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл…
Періштелер қондырған қанатымен,
О, құдірет ! Тамып тұр тамшыдан нұр !

Жаушы жаңбыр – алмасып тозаң нұрға,
Бой көтерсін бозжусан бозаң қырда.
Жұпар шашып жағалай жатсын өлкем,
Жердің беті жасарып көз алдымда.

Бір Құдірет тастады бәрін сілкіп,
Шұғылаға шомылдым жаным шылқып.
Періштелер ұшып жүр қанатымен,
Кірлеп кеткен құрлықтың шаңын сүртіп.

Бір Алланың алғандай алғысын көп,
Періштелер аспанға салды сурет.
Кемпірқосақ ! деп шулап балалар жүр,
Ал, мен тұрмын: жаңа күн, армысың деп.

Жаушы жаңбыр, жауа түс жаушы жаңбыр,
Естімеген адамзат ән шығар бұл.
Періштелер қондырған қанатымен,
Мен сендегі ғашықпын тамшыға әрбір.

Қалқаман САРИН
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Zambezi струны  Heart-Shaped Box (Nirvana Cover)  Лесной Олень новая версия Приключения Электроников  Модели лаванда  Kiss The Dirt (Falling Down The Mountain) INXS  Gemma hayes wicked game  Mamy Blue OST Мне не больно Paul Mauriat 
О чем песня
Қалқаман САРИН - Жылы жаңбыр құйып тұр...(оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен