Тек жалғыз сенсiн (исполнитель: Merba & Jamal West)
Тек жалғыз сенсің мені түсінетін Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін Күні түні мазалады ойымнан жүзің шықпады Өзің деп үміттенемін көтерген сайын тұтқаны Жүрекке тым ауыр тиді өзге жаныңда жүргенің Махаббат бірден өтпейді оны да дұрыс білгенің Бәлкім ұмытып үлгердің бәлкім әлі есіңде ме Сонда да дұрыс болар қатемді менің кешіргенің Іштей мұңайып келемін білдіртпей сенде шыдарсың Хабарласпай кеткенің ұмытсын деген шығарсың Бір жүрек бәріне дайын есіме алам әрдайым Сезімім өзгермес деймін өзгерсе де мекен жайын Жасырып қайтем жалғасын әуенге көңіл толмайды Өзгелерді мен қайтемін өзгелер сендей болмайды Мен сағынамын сол таңғы көктем самалын Қоштаспай енді қайтемін қалмаса басқа амалым Құлаққа тым ауыр тиді жол жүрем деген сөздерің Басқасын жолықтырасың деумен сен нені көздедің Сыр қылып іште сақтадым екеуміз білген нәрсені Дәл сені білмеймін бірақ мен әлі сүйемін сені Мінекей натижесі мен қиналдым ал сен саусын, Көктемнің ылғал жөтелі өзгерді кішкене даусым Тек жалғыз сенсің мені түсінетін Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін Білемін бәрін де сүйесің әлі де Жүрекке бұйрық жоқ ешбір әлемде Түсінші халімді қабыл ал әнімді Әрбір жазған өлеңім тосты әнімді Міне осы кезде махаббат оты лезде Сенің жүзің мүмкін түнге болған елеспе Ерегеспе әліде уақыт мол жетеді Барлық болған түсініспеушілік кетеді Бірақ өткен кезде бақытты түсінбедік Мағынасыз сөзге үйлену отқа ердік Бәрін шаштық,шаптық,жастық Бір-бірімізді көрмейтіндей ұрысқа баттық Есіңе түсірші мен ондай емеспін Сенің қатты сөздеріңе ерегестім Осы күйге жеттім және сені аңсадым Мені есіңе ал мен сені ұмытпадым Қайырмасы Тек жалғыз сенсің мені түсінетін Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін Тек жалғыз сенсің мені түсінетін Тек жалғыз сенсің мен өзіңді сүйемін