Өзгермеші [KZ Sound] (исполнитель: JAH LIL x QaraKesek)

Қараңғы болды дала, көрінбеді айнала, 
Жалғыз қалғандай сезіндім өзімді біршама. 
Суық тиді жүрекке, сырқырады, үндеме. 
Айтарымды білмей, сөйлей алмадым мүлдем. 
Кесірі несімен болған оймен ойласам да, 
Өз-өзімді жұбатамын, кінәлі болмасам да. 
Анда-санда хабарласып, сөйлесемін деп, 
Анда-мұнда ұшып жүгірем көргім келеді деп. 
Не деген бұл сезім араға ауыр тигізетін, 
Сыбдыры сұлу алтын күзбен шөптесетін. 
Маған да қиын емес, ойлауға шамам жетеді, 
Өзіңе ауыр болсын, сезімім жоқ болып кететін. 
Түсінуге сен қашан тырысасың, 
Сүйе тұра адамды несіне тығыласың? 
Жүректі босатасың немесе мәңгі қаласың, 
Шаршадым бәрінен, қашан жауап қатасың? 

Қ-сы: 
Күлімдеп көздеріңе сенің 
Қарадым сезбедің бе мені, 
Сен менің сезімімді әлі? 
Бақыт біздің алдымызда, 
Бәлкім қалды артымызда. 
Іздеп келе ме бізді, 
Әлде іздейтін біз бе? 

Ия, шаршағаныма өте баяу сенесің, 
Өйткені өміріңде нағыз лайықты көрмессің. 
Мен сені сүйетінімді әлі түсінбессің, 
Неге олай жасадым деп бір күні өкінерсің. 
Болды, енді өтті уақыт және жылдар, 
Құшағымдағы жылу бір күні суып болар. 
Енді не істемекпін, бұнда сенің ісің не, 
Қалай ғашық болғанымды түсірмеймін есіңе. 
Жанымда болар сырласым, сосын құрбы-құрдасым, 
Ештеңенің қажеті жоқ осының бәрі болғасын. 
Қанша рет өкінсең де, өзгермейді бұл жайым, 
Өзіңнің есіміңді еске түсірем күн сайын. 
Қарапайымдылығың мол болғанымен сенде, 
Адамгершілігің жоқ сияқты сенің жүрегіңде. 
Қимастықпен жіберілді осы шумақтар соңым, 
Болды енді махаббат сезімсіз ұмытармын сені. 

Қ-сы: (х2) 
Күлімдеп көздеріңе сенің 
Қарадым сезбедің бе мені, 
Сен менің сезімімді әлі? 
Бақыт біздің алдымызда, 
Бәлкім қалды артымызда. 
Іздеп келе ме бізді, 
Әлде іздейтін біз бе?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Юрий будет дуть  For Kristoffer  Шынырау  Allj(Элджей) – 24 дня  PLC – Препараты  С Корабля На Бал Хубиевы 
О чем песня
JAH LIL x QaraKesek - Өзгермеші [KZ Sound]?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен