Оқыған Аружан Алдабергенова (исполнитель: Тағы да түн)
Өзің жайлы бөлісетін бар ойдың, Түсінбеймін иесі жоқ қалай дым. Тағы да түн тағы да өзім ғана, Тұсауына түстім сенсіз сан ойдың. Өкініш не? Ол өзіңсіз күйреуім, Сезіп жүрмін сенен хаттар сиреуін. Тосқанымда сен таңдасаң басқаны, Сен бар ғой деп басқа жанды сүймеуім. Жүрегіме ақылмен жалынсам ба? Әлсіредім кетті деп салым санға. Сені алысқа кетті деп айтсам ба екен, Келмейді ол түсін деп сағынсаң да. Жалынбаймын!Жалыну қасіретім... Жүрегіме қайғы мұң кешіретін. Жалынышсыз жағылған бір отымды Өзің ғана қолыңмен өшіретін. Өшірмеші? Алыстама себепсіз, Жылайды ғой жүрек қалса керексіз, Не айтамын жұбатпа жай ма десе, Қайда десе кундерім сол дерексіз? Түсіндің бе?Жүрегім жыламасын, Жарық еттің жүректің мұнарасын. Алысқа бағыт берген сол бір жарық, Соңғы жанып теңізге құламасын. Қуантшы бір?Келші уақыт болғасын, Сенсіз салар бір әнім де болмасын. Келші маған?Күндіз күнім күлімдеп, Көңіліме түн тыныштық орнасын...