Екі жақта #27 (исполнитель: QARAKESEK x KAIRAT)

Екі жақта

Енді қисық-қисық шимайланған жолдардан түзу жолға шығу қиын,
Көмек керек жылдардан.
Неге, сезіміңді тартып алдың, өзің ұсынған ең ғой,
Кінәлімін, білемін, мына саған сынған мен ғой.

Қ-сы:
Арамыз суыды, жүректе жылу жоқ,
Сезімнің құны жоқ.
Арманда қала бердім,
Арманда қала беремін мен де.
Сен өзгерме, өзіңді өзгертпе, өтінем өзіңнен.
Сен өзгерме…

Бізге айтпай келді қайғы, бақыт амалсыздан кетті,
Сен одан не сұрайсың, жететін жеріңе жеттің.
Өзіңе бақыт тілеуден басқа амалым бар ма,
Сезімімді қайтарам, басқа аларым бар ма?
Жүрсей шамаңа қарап адамдардың арасында,
Сені не істейді олар, қайда кетіп барасыңдар.
Өзіңнің басың бар, өзің ойланып қарашы,
Мені өз орныңа қойшы, мені өзің деп санашы.
Сен таңдадың тағы біреуді, енді алар ма,
Соның бәріне көніп, не, артыңнан мен барамын ба?!
Сен қуасың ба, сен тіпті естен адасқан шығарсың,
Мен үшін жылама, көзің қашанғы жыласын, а?
Айып етпе, мен сені ұмытам деп шештім,
Шыдай алмаймын, қанша жігіт көйлегіңді шешті?
Қыз едің тәрбиелі, хех, маған адал,
Қайдан білейін, не болса да, аз болсын сендей адам.

Қ-сы:
Арамыз суыды, жүректе жылу жоқ,
Сезімнің құны жоқ.
Арманда қала бердім,
Арманда қала беремін мен де.
Сен өзгерме, өзіңді өзгертпе, өтінем өзіңнен.
Сен өзгерме…

Сені, 
Сені күттім, келем деп едің.
Жанымда болуың керек еді,
Сол үшін сен жаққа елеңдедім.
Асығып тұрамын үнемі саған қарай,
Жүрекке ерік берсем, бәрібір сені қалайды.
Қайтадан қайтарып күн-түндерді талай,
Қайтадан тастауға жүрегім шыдамайды.

Кайф және бақытты сен бұл екеуін бір көресің,
Хуле, өзіңді ақылды, басқаларды кем көресің.
Арада не қалды, не қалды біз түсінетін,
Айтшы, бізді кім түсінеді?

Күлімдесең, қайтадан ғашық болам,
«Сүйемін» десең, құшағымды ашып тұрам.
Көздеріңе қарасам, көзім қадалады,
Жаныңда болғым келеді – бірге бола алам ба, айтшы?

Қ-сы:
Арамыз суыды, жүректе жылу жоқ,
Сезімнің құны жоқ.
Арманда қала бердім,
Арманда қала беремін мен де.
Сен өзгерме, өзіңді өзгертпе, өтінем өзіңнен.
Сен өзгерме…
Арамыз суыды, жүректе жылу жоқ,
Сезімнің құны жоқ.
Армандап қала бердім,
Армандап қала беремін мен де, мен де.
Сен өзгерме, өзіңді өзгертпе, өтінем өзіңнен.
Жанымда болмасаң да, алаңдайм өзіңе.
Алаңдайм өзіңе…
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Flatbush ZOMBiES TP4  Flatbush ZOMBiES GOD Blessed the DEAD  Flatbush ZOMBiES The Results Are In  Flatbush ZOMBiES Breakfast AT ePiffanies  Flatbush ZOMBiES Al Bundy 
О чем песня
QARAKESEK x KAIRAT - Екі жақта #27?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен