О, Махаббат, Махаббат! (исполнитель: Жігіттер квартеті)
Толған айдай қабағың, Сағынғанда жанарың. Кім болды екен сол қыздың, Азып сүйген адамы? Сыңғырлаған күлкіңде, Қарақаттай көзіңде. Қандай ғажап болды екен, Мен білмейтін өзіңде. Қайырмасы: Арай төгіп таңдарға, Ляззат сыйлап жандарға. О махаббат, махаббат, Қиялменен арманда. Мен өзіңнен сезіндім, Шегі барын төзімнің. Нұрын төктің көзімнің, Менің жастық кезімнің. Содан бері күн өтті, Айлар өтті жыл өтті. Жалғанда сен адасып, Қайда жүрсің сүйіктім.