Жаным деші (исполнитель: Жаным)

Мүмкін бұзықпын бірақ бұзақы емеспін,
Сен періштесің ал мен талай рет қателестім.
Жанарыңа қарап тағы айтамын комплимент,
Ұялғаның тәтті, ал маған сол керек.
Құшағымнан жібермей қорғанышың болам,
Сен менікі болсаң – менікі бүкіл ғалам.
Мен білем саған ғашықтардың саны көп,
Бәлкім жандары бар бірақ жалыны жоқ.
Мен ғана, қарап екі жанарыңа,
Жаныңды түсінем айналдың сыңарыма.
«Сүйемін» деп, артық кетсем айыптама,
Бақыт үшін күрескен жанда айып бар ма?
Сені көрген соң ырымшыл болып кеттім қатты,
Жұлдыздар аққанда, тілеймін махаббатты.
Сенің махаббатыңды ортақ бақытымызды,
Тағдырға ризамын кездестіргені үшін бізді.

Ғажайыпқа енді сенемін,
Себебі сен ғажапсың!
Мен тек сені сүйемін, 
Себебі күшті талғамым!

Бұрынғы бозбала емеспін сезіммен ойнайтын,
Уақытшаны ойлап көңіл көтеруді қалайтын.
«Ересекпін» десем бәлкім тым артық болар,
Әлі ғажайыпқа сенеді романтик бала.
Сенімімнің іргетасы – ол тек сен ғана,
Ғажайып ару, ал ертең ғажап ана.
Мен болам ақкөңіл қарапайым әке,
Қатігез болам адамға сендерді ренжіткен.
Алғашқы кездесу қысылып тұрмыз екеуміз,
Енді менмендік жоқ, енді тек қана «біз».
Расында күлкілі ме менің айтқан әзілдерім?
Шыныңды айта бер, саған ренжімеймін.
Құлақтарым бітелгендей естімей ештеңе,
Тесіле қараймын қылықтарыңа сүйсіне.
Несін жасырам керемет қой менің талғамым,
Себебі бүкіл ғаламнан мен тек сені таңдадым! 

«Иә» деші, «Иә» деші, жаным маған,
Сен болмасаң қажет емес мына ғалам!
Жылытшы жүрегімді менің жаураған,
Сөнбейді сезімім лаулаған.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Черодейка Эльбрус Джанмирзоев  Shami запомни i love you  Prakillagram кроме слов  Непара - я ищу  Кто добрее всех на свете  Ак гроза  Гимн СМ Панка WWE  Жизнь в альтернативном мире 
О чем песня
Жаным - Жаным деші?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен