Қыздар ай! (исполнитель: NNBEK тобы)

Қыз деген қырдың қызыл қызғалдағы,
Өмірдің сырлы сымбат сұлу сәні.
Бұраң бел, оймақ ауыз, қызыл ерін,
Жігіттің ойлайтыны, бір арманы.

Қыздардың теңдесі жоқ, бір асыл зат,
Ежелден бағалаған оны адамзат.
Қыздарға әсемдікті сыйға тартқан,
Ерекше мүсін беріп, бұл табиғат.

Қайырмасы (2 рет):
Қыздар-ай, қыздар-ай,
Қиылған қас, ақ маңдай.
Ашық түс, алма мойын,
Мөлдіреген қалқам-ай!

Қыз емес, қыздың аты - қызыл алма,
Сұлулық, әсемдікті жиған бойға.
Ай қабақ, алтын кірпік, қиылған қас,
Қыздарды ұқсатамын туған айға.

Жез таңдай, күміс көмей, сырғалым-ай,
Майысып, тал-шыбықтай тұрғаның-ай.
Жалт етіп қарағанда, бойым балқып,
Бөленіп махаббатқа тұрғаным-ай!

Қайырмасы (2 рет):
Қыздар-ай, қыздар-ай,
Қиылған қас, ақ маңдай.
Ашық түс, алма мойын,
Мөлдіреген қалқам-ай!
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Kost - Включай мозги  Катя бужинская желанный  Кайрат нуртас сен жалгыз  Зина зина арсен  Амели на мели - Забыть  Kairiki bear - Manemane Psychotropic  Extinguish Jonte  Мамины помощники 
О чем песня
NNBEK тобы - Қыздар ай!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен