"Кірпіктерің" 2o16 (Bagi cover) (исполнитель: Алихан Әділ)

Кірпіктерің 

Шеттей жүрсем, бір уайым, ол – сенің хал-жағдайың.
Жүрегімнің жартысы бір өзіңе арнаймын. 
Мәндеттің өмірімді, сәндеттің көңілімді, 
Сенің ғана қолыңда құбылту өмірімді. 

Қ-сы: 
Қалампыр көздерің күлімдегенде, 
Жанымның дерті де бүлінбеген бе? 
Кірпіктеріңе сенің келіп майысып, 
Аспанның жұлдыздары ілінбеген бе? 
Құралайды көзге атқан сұлуым – сенсің, 
Күн шуағы бере алмаған жылуым – сенсің. 
Тек маған теңсің, жаныма емсің, 
Кең даланың құшағындай тек маған кеңсің. 
Қалампыр көздерің күлімдегенде, 
Жанымның дерті де бүлінбеген бе? 
Кірпіктеріңе сенің келіп майысып, 
Аспанның жұлдыздары ілінбеген бе? 

Санамда ойлар толы, 
Алақанынан ұстап тұрмын оның қолын, 
Жіңішке жолы, 
Жаным-ау менің, алыстап қайда кетесің, а? 
Ол жайлы санамда ойлар толы, 
Алақанымда ұстап тұрмын оның екі қолын. 
Жіңішке жолы қапаланса, қапалана берсін, 
Жаным-ау, менен алыстап қай жаққа кетерсің? 
Құшақтап, жібергім келмейді сені, кешіріп қойғын мені, 
Суығыма тоңып, ыстығыма көнгін енді. 
Алынбас биік шыңдай, қауіпті құлар құздай, 
Келеміз бірге көніп, өмір ыстық, кейде мұздай. 
Орта белінен сызбай ақ парақты бүлдірмеші, 
Кескіні сыйып кетер онда гүлдердің неше. 
Сол гүлдер бүр екенін өзің де білесің ғой, 
Жүректен орын алдың, сонда өмір сүресің ғой. 

Қ-сы: 
Қалампыр көздерің күлімдегенде, 
Жанымның дерті де бүлінбеген бе? 
Кірпіктеріңе сенің келіп майысып, 
Аспанның жұлдыздары ілінбеген бе? 
Құралайды көзге атқан сұлуым – сенсің, 
Күн шуағы бере алмаған жылуым – сенсің. 
Тек маған теңсің, жаныма емсің, 
Кең даланың құшағындай тек маған кеңсің. 
Қалампыр көздерің күлімдегенде, 
Жанымның дерті де бүлінбеген бе? 
Кірпіктеріңе сенің келіп майысып, 
Аспанның жұлдыздары ілінбеген бе?
______________________________

Текст добавил: Даник Сабитов
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Quicksand Incubus  Кирпичи  Лолка  Buddy holly heartbeat  Мама Елена Есенина  Rihanna Pon de 
О чем песня
Алихан Әділ - "Кірпіктерің" 2o16 (Bagi cover)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен