Естайдың қоштасу әні (исполнитель: Жанар Айжанова)
Япырмай, қартайдым ба, денем ауыр. Менде жоқ жан ашитын туыс-бауыр Қарасым ахоу маңайымда еш бір жан жоқ Олардан мен қалдым ба ай болып тәуір Ал мынау жаңа келдім жетпіс үшке Кәрілік көнбейді екен құрған күшке Естайдың ахоу өлердегі ән екен деп Жігіттер айтып жүрсін ерте кеште Домбырам, сен де аман бол жан жолдасым Қасымнан тастамаған сыр мұңдасым Тапсырдым ахоу келер ұрпақ балаларға Мендей қып тәрбиелеп сені ұстасын Көрмесем осы болсын амандығым Жазбасын тәңір шіркін жамандығын Кешегі ахаоу ортаңдағы Естай ақын Тілейді қалғандардың амандығын Арманның ең ауыры бала жоғы Болғанмен алып кетті тағдыр оны Жігіттер жас ахоу күніңде ойна да күл Мінекей қалған жоқ па бұлбұлдарың Жігіттер ахоу жас күніңде ойна да күл Мінекей қалған жоқ па бұлбұлдарың.