✔ Оңаша қалғанда (минус)♪ (исполнитель: Неизвестен)

Жетелеп бара ма біздерді уақыт арманға, 
Шын ғашықтар неге қосылмайды екен жалғанда? 
Үмітпен қарайлап арайлап атқан таңдарға, 
Неге ол мұңаяды, айтшы, оңаша қалғанда? 

Қолдарыңнан ұстап қала алмағам, 
Жүрегіңмен бірге бола алмағам. 
Бірге ғұмыр кешуді қаламаған 
Жүрегіме өкпелеме, өтінем. 
Мені ойлап, жаным, жыламаған 
Түнің бар ма жастарың құламаған? 
Төменге, мен кеттім төмендеп, 
Көз жасың жетті маған. 
Өкпелеме, өтінем, маған, 
Жақындасаң, жүрегіңді өлтіріп алам. 
Өзегің өкініштен өртеніп қалар. 

Қ-сы: 
Жетелеп бара ма біздерді уақыт арманға, 
Шын ғашықтар неге қосылмайды екен жалғанда? 
Үмітпен қарайлап арайлап атқан таңдарға, 
Неге ол мұңаяды, айтшы, оңаша қалғанда? 

Міне көктем, біздер қаламасақ та, қоштасқан. 
Барлығына куә – жалғыз тұрған қайың мен көк аспан. 
Жаңбырлы түн, сенсіз тағы да мұң, аққан жұлдыз, 
Өтінем, Тәңір, мені сол бақытты шаққа бұрғыз. 

Сүйем деп ең мені, жаным, сүйе алмай, 
Сөздеріңе маған берген тұра алмай. 
Күтіп тұрып кеткенің бе келе алмай, жаным? 
Жүргенің бе осы уақыт мені алдай, 
Әлі күнге жүрмін ғой сене алмай. 
Суретіңе қарай берем көз алмай, жаным. 
Оңашада сұрақтарға жауап таппай мен қиналам, 
Өткендегім естелік боп жиналып. 

Бұл нешінші күн екенін білмеймін. 
Бәлкім шатастым. 
Көз алдымда бірге болған сәттер. 
Бәлкім адастым. 
Сенімен қоштасқан кез – көктем, аяқсы шумақтай, 
Бәлкім содан шығар, білмеймін, жаңбырды ұнатпаймын. 

Қ-сы: 
Жетелеп бара ма біздерді уақыт арманға, 
Шын ғашықтар неге қосылмайды екен жалғанда? 
Үмітпен қарайлап арайлап атқан таңдарға, 
Неге ол мұңаяды, айтшы, оңаша қалғанда?
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Stone Temple Pilots Days of the Week  Yeah yeah yeahs y control  Loreley  Endless Summer Euro 2012 Oceana  Легко потерять  Те дни полная  Гражданская Оборона Детский мир  Россия Пурген 
О чем песня
Неизвестен - ✔ Оңаша қалғанда (минус)♪?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен