Мен үшін өте қымбат (минус) (исполнитель: BALLER x BaGi)
Мен үшін өте қымбат Мені сүмейсің, білем, біле тұра сенбеймін, Өзімді алдап бақытты әлемге жетелеймін. Ішімдікке мас болып бәрін ұмытқым келеді, Жүрегім менің сағыныш елеңдей тербеледі. Бір тәулікте жиырма төрт сағат болса, Жиырма төрт сағат бойы жүрегім сағынышта. “Шыда, Шыңғыс, әдетте өмір өзгереді, Сенің сүйген жарың саған айналып келеді.” Осылай өтірік айтып өзімді жұбатамын, Өтірік, уақытша болса да, жүректі қуантамын. Тоқтатамын демімді сені көрген сәтте, Күмәнім бар сен секілді қыз барына мына өмірде. Бұл өмірден кетіп, құсқа айналғым келеді, Күндіз-түні сенің төбеңнен аңдып жүргім келеді. Береді ерекше жылу сенің келбетің, Күннің шапағатынан жаралған секілдісің. Сенің екінші есімің – “жұмақ ләззаты”, Менің ернімде қалды ерніңнің дәмі. Тозақтың азабындай сенсіз өткен уақыт, Ақ парақты былғаймын ішкі сырымды жазып. Таныстым танысқым келмеген сезіммен, Ол сезімнің аты “жалғыздық” екен. Фильмдегідей соңы бақытпен бітпеді, Бұндай айрылысты жүрегім күтпеді. Қасымда болсаң әр уақытты бағалаймын, Мойындаймын, сенсіз өмір сүре алмаймын. Қарапайым баладан қорғаныңа айналамын, Тек қасымда болуыңды сұранамын. Қ-сы: Мен сені сағынамын сағыныш құшағында, Адасып кете беремін бір сенің үй жағыңда. Мен үшін өте қымбат, қымбат сенің күлкің, Өзіңсіз өтуде мұнда апталар менен күн. Жай ғана сүйем деген сөзді айту жетпейді, Менің жүрегім сені бақытты қылуды тілейді. Күлімдейді көздерім сені көрген сәтте, Тек саған арналған орын жүрегімнің төрінде. Кім айтты мен сені жақсы көреді деп, Сен үшін бәріне дайын деп? Кім айтса да, рас айтады екен, Мен сен үшін, керек болса, жанымды берем. Берем, берем, керегіңнің бәрін ал, Сенен сұрарым – тек мәңгілікке қал. Жанымда қал, қолымды қысып ұста, жаным, Қиын сәттерде бейнеңе қарап тоқтамадым. Жалғыз сен, жалғыз өзің керексің маған, Басқа қыздарды ешқашан жүрек қаламаған. “Уақыт емдейді” деген сөзді кім ойлап тапқан, Кім ойлап тапса да, дұрыс айтылмаған. Қ-сы: Мен сені сағынамын сағыныш құшағында, Адасып кете беремін бір сенің үй жағыңда. Мен үшін өте қымбат, қымбат сенің күлкің, Өзіңсіз өтуде мұнда апталар менен күн.