Отанды сүю - Иманнан (исполнитель: Төреғали Төреәлі)
Отанды сүю – Иманнан! (жаңа нұсқа) Көрсе де тағдыр қыспағын, Тізе бүктірген дұшпанын. Бақ-ырыс қонған басына, Байтағым – Қазақстаным! Қызылорда - Алаш анасы, Тарихы терең тамырлы, Түркістан – Түркі даласы, Сақтаған намыс – арыңды. Шырайлы Шымкен – ордалым, Жетісу, Талдықорғаным, Алматым – асқақ айбарым, Жастары рухты, жалынды. Оңтүстік міне осындай, Тау түгіл тасы қадірлі. Солтүстігім деп сөйлесем, Дауысым көкке жаңғырған. Қызғыштай қорғап батырлар Қызылжарымды қалдырған. Керекеуімнің асқағы ай, Көкшетау менен Қостанай, Жаратқан сыйлап сұлулық, Табиғатымен таң қылған, Даласың арқа, солтүстік, Салтанатымен сән құрған. Тұлпар тұяғын тоздырып, Қанатын құстың талдырған. Абайды туған қарт Семей, Алыпты тапқан ең ірі. Қазаққа құтты төр болған, Өскеменімнің өңірі. Халыққа жылу сыйлаған, Қарағандымның көмірі. Жезқазған - кенді аймағым, Алашқа бөлек орыны. Арқаның бесік даласы – Тербеген сал мен серіні. Сарыарқа қандай кең болса, Қазақтың сондай көңілі. Ақтөбе, Ақтау шаһарым, Естілген даңқты даусы. Атыраудан шыққан мұнайдан Елімнің артқан табысы. Оралыма тұр сән қосып Ақжайығымның ағысы. Маңғыстаудағы бір басқа, Шайырларымның шабысы. Батыста туған қазақтың Батырлары мен барысы. Қылыштан өткір тілдері, Найзадан биік намысы. Намыстан жаны жаралған, Бабалар күткен бар арман. Тәуелсіз болып қазағым, Жасарып, жайнап, жаңарған. Аллаһтан бізге нұр жауып, Бәйтерегім тұр бүр жарып. Егемендіктің жемісі, Елбасым соққан елорда. Желбіреп тұрған көк тудың Астына елім жиналған. Ажарың кірді қазағым, Азабың қалды қиналған. Бірлігін болсын алты Алаш, Бабалар солай ұйғарған. Пайғамбар айтқан Мұхаммед Әли (с.а.с), Отанды сүю – Иманнан!