Риясыз диалог (2017) (исполнитель: Бегимхан Махсат & Арна Кайрат)
Риясыз диалог (сен де, мен де ішімде) - Сенесің бе? - Ау?! - Сезіп жүрмін! - Нені? - Сені! Кезіп жүрмін... Төзіп жүрмін... Бұл - сезім! - Қойшы... - Шын сөзім! - Сенбеймін! - Білемін! - Қайдан? - Айтты... Күмәншіл жүрегің! - Кешір... - Не үшін? - Кешіктім... - Неден? - Көңіл емес қағыппын қабырғасын есіктің! - Бәлкім... - Қандай ауыр - Сөзім бе?! - Иә... Алдамшы ә көзің! - Ау? - Ештеңе өзім... - Шығасың ба? - Қайда? - Анау айға... - ... - Біліп едім... - Тағы нені? - Үндемейсің. - Енді не дейін? - Тым болмаса тілдегейсің! - Кімді? - Мені! - Не деп? - Білмеймін... Сөйлеші әйтеу елеп! - Осының бәрі не үшін? - Маған керек!!! - Тағы да түн - Иә... - Жұлдыздар ағылатын Құшақтардан табылатын... Біреуім бар сағынатын. - Біреу? - Біреу! - Бәлкім көп... - Жоқ! Біреу! - Ым... - Мен кеттім... - Жақсы. - Салыңды тақшы Суық! - Жақсы. - Мен емес, сен кеттің! - Иә! - Мен осындамын. - Енді? - Бәрбір қасыңдамын. - Қорқам! - Құдай-ау неден? - Сенен? - Менен? Не үшін? - Менікі - өмір, сенікі -өлең! - Түсінікті... - Иә солай! - Осыны о баста ішім ұқты. - Нені? - Ақынмын..! - Иә! ақынсың, - Тұрақсыз... Соларға жақынсың. - Күлкілі... - Неге? - Сенерсің бір күні. - Көреміз... - Иә, көнеміз! Сенеміз! Келеміз! Көңілдің құтысы сынғанша... - Түсінбедім? - Түсінбегін! - Жарайды кірдім, - Жақсы... - Не болды? - Сен кеше күлдің... - Енді? - Бүгін ше?! - Күлмеймін. - Неге? - Білмеймін. - Жарайды рақмет! - Не үшін? - Бір күлкі, бір қасірет мұң үшін! Кездескен кездейсоқ түн үшін. - Кездейсоқ? - Осы дұрыс! - Ым... - Тоқташы! - Тағы не? - Бір қарап алайын... - Қайда? - Жүзіңе... Көзіңе... Өзіңе... - ... - Қайырлы түн! - Қайырлы! - Еx, айырды? - Ау? - Ештеңе, әдет қой байырғы. - Ым... - Жылжиды бәрі уақытпен - Иә! - Бірақ мен бақытты ем! - Қалайша? - Сөйлескен... бұйырмас бақытпен! - ... Авторы: Марғұлан Ақан