ҰМЫТПАДЫМ (2016) #90 (исполнитель: QARAKESEK X ҚАСҚЫР)
Көз алдыма келеді сол бір күндерден елес те, Сенің бейнең кете береді елестеп. Көз алдыма келеді жанымда жүргенің, Ешкімге ұқсамайтын дыбыс шығармай күлгенің. Көз алдымда, жаным ұялып сөйлегенің, Қыпша белің тәтті ерінің, сыбырлап сүйем дегенің. Ұзын кием дегенің маған тием дегенің, Махаббатымыз үшін отқа да күйем дегенің қайда? Жылдам өтеді айлар, жылдам өтеді жыл да, Жылдам өтеді уақыт уақытпен кетеді бақыт. Уақыт тастайды тасты да уатып, Уақыт жетсе кетеміз біз де қара жерге батып. Жылдарым жолдарымды көрсетіп қойған жоқ, Сол үшін адасып кеттік кілең қисық жол. Ажырат ақ қараны сосын тура жолда боп қалады, Жаным, қалып қойма көрінген итке таланып. Қ-сы: Өмір алдайды, өмірге алданба! Сүрініп жүрме басылып қате қадамдар. Жаныңды қинап өмірге алданып қалмашы, Бәрі жалған, бәрі уақытша, бәрі алдамшы. Ұмытпадым сенің мөлдір көзіңді, Ұмытпадым әдемі сұлу жүзіңді. Ұмытпадым сүйем деген сөзіңді, Ей, жаным ботақаным, екеуміз туралы үзінді. Ұмытпашы менің өмірде бар екенімді, Сен кеткесін байқалды өмірдің тар екенін. Кішкене күтші,жаным, жан жарым етемін, Жанымды жаралап қанжарыңмен жүректі жаралы еткенің. Көгершіннің ұясынан ұшып кеткені, Ұсташы қолымды созамын, жетпеді. Құшақташы түсімде келіп қатты, Естисің бе кетпеші, қараңғытып таңым атты. Ханшайым, күтпеші ханзадаң келмейді дегенің бе, Мен емес сонда сенің ханзадаң келгені ме? Ұмытпашы, жүрек соға ма сүйгеніме, Фильмнің соңы екеуміздің ертегі біткені ме? Қ-сы: Өмір алдайды, өмірге алданба! Сүрініп жүрме басылып қате қадамдар.