Мейрамбек Бесбаев и Сандугаш Стамгазиевна - Сен болмасан (исполнитель: С. М. Бесбаев-С. Стамгазиева)

Сен болмасаң бұл жалған,

Күнде уайым, күнде арман.

Айналайын, гүлім-ау,

Жүрегімде бүр жарған.

Сен болмасаң, серігім,

Аялайды мені кім?

Ертелі кеш сен жаққа,

Елеңдейді көңілім.

Қайырмасы:

Сен болмасаң, тірегім,

Кімге жылап, күлемін?

Жүрегімде тілегім,

Алақанда жүрегім.

 

Сенсіз мынау жалғанда,

Өтер ме едім арманда?

Елжірейсің балқисың,

Мен әніме салғанда.

Сен арқылы, жарығым,

Бақытымды таныдым.

Екеумізге бір ғұмыр,

Бере гөрші тәңірім.

 

Сен болмасаң, аяулым,

Кімге құшақ жаярмын?

Сағынышты сазыңмен,

Жүрегімде жай алдың.

Сен болмасаң жанымда,

Жайқалмайды бағым да.

Менің ғазиз тағдырым,

Сенің ғана қолыңда.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Сплин Без тормозов  Senses Fail To All The Crowded Rooms  L For Love  Коррозия металла  Алан Мурат Тхагалегов  Каста дива  Давай за нас  Катя нова-но я люблю лишь твои плечи 
О чем песня
С. М. Бесбаев-С. Стамгазиева - Мейрамбек Бесбаев и Сандугаш Стамгазиевна - Сен болмасан?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен