Кешегі Күндерден... (исполнитель: Жаhан feat Сая Рахметова)

Кешегі күндерден...

Көре қалсақ кездейсоқта танымаған кейiптемiз.
Кеше ғана бірге жүрсек бүгінде тек суреттемiз.
Бөлектеумiз бұрынғыдан сен өзгеcің мен басқа адам,
Жәйым бар өзiн кеткелi махаббаттан тым жасқанған.

Ақтарсам ақ параққа ішімдегі бар сырымды,
Кейіпкері болып тұрсын осы әнге бас мұрындық. 
Сан сүріндім жетем деумен саған барар қашық жолда,
Бақыт тілеп бір кездері ұшырғанмын сені қолдан.

Солған сезім гүлдемеді жұлынғалы сен бақшамнан,
Неге ғана сені сүйдім тікенекті нәзік раушан.
Оралмасын білем маған бақыт толы сол күндерім, 
Көңілім тағы жығылды, басталмай бітіп үлгеріп. 

Сыйлаған саған гүлдерім орынын тапты қоқыстан, 
Жүрекке олда ауыр тиді тигендей соққы оқыстан. 
Тоғыспады тағдырымыз, текке кетіп алтын уақыт, 
Қайда қалд кешегі күндер екеумізге сыйлар бақыт.

Қайырмасы:

Кешегі күндерді  кім көрді?
Босаттың жүректен жылы төрдi,
Өткен күндердің, қайрылмасын кiм білген.

Кешегі күндерді  кім көрді?
Босаттың жүректен жылы төрдi,
Жүрегiмдi жарастырдым жалғыздықпен мүлгіген.

Жатақхана нөмір 2, санаумен тілін сағаттың,
Кездесуге асық едім тауысып төзім-тағатты.
Қарғыс атқыр қалап едім достық емес махаббатты, 
Сүйем деуім мұң болды ма? кеткендей менен ағаттық.

Дәл қазірде екеу ара дос болыпта жарытпадық,
Жақтырмайсын енді мені Жаһан яки Нұрқанатты.
Көздеріннен бар ұққаным, білінеді ұмытқанын,
Бұйырғаны өткен күннен сыртыннан қарау сұқтанып.

Десемде жылы кұшағым біз тандаған жарық жұлдыз, 
Есіндеме деуге тұрад(ы) оралмайтын бізге сол күз.
Солғын жүзім сені көрсе жымиып езу тартады, 
Сомдадықпа ертегіні ханшайым менен бақаны.

Жаттанды болған санаға жауапсызда қоңыраулар,
Шыға алмадым әлі күнге сен құлатқан шыңыраудан.
Тамшылауда жанардан жас, түн ішінде тіл күрмеле,
Екеуден аз-мас естелік кешегі сол бір күндерден.

Қайырмасы:

Кешегі күндерді  кім көрді?
Босаттың жүректен жылы төрдi,
Өткен күндердің, қайрылмасын кiм білген.

Кешегі күндерді  кім көрді?
Босаттың жүректен жылы төрдi,
Жүрегiмдi жарастырдым жалғыздықпен мүлгіген.

Сенесің бе әлі есімде маңдайыңның хош иісі,
Кеше ғана мендік едің бүгінде кімге тиіссің?
Өткен күннің естелігін еске алудан түк шықпады,
Санамда сақталғаны тек кешегі күндер ғана....
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Глашатай  Dragonette Gone Too Far  Dragonette Pick Up the Phone  Dragonette Big Sunglasses  Dragonette Lay Low  Dragonette Rocket Ship  Dragonette My Work Is Done 
О чем песня
Жаhан feat Сая Рахметова - Кешегі Күндерден...?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен