Бақытты деп ойласын(қара өлең) (исполнитель: Аскар Абесов)
Қайдасың? Тағдыр бізден асырды ма айласын? Көз жасыңды көрсетпеші, көрсетпе... Бізді бәрі бакытты деп ойласын. Ардақтым, Гүлі сендей бола алмаған әр бақтың. Сені қатты сағындым ғой мен бүгін, Ұмыттым деп өзімді өзім алдаппын. Алдаппын, Жұбатам деп жүрегімді жаураттым, Қанатымды саған қарай сан қақтым, Жүрегіңді алған екен жаулап кім? Сағынам, Даусын кейде құлағыма естіліп, Сен кеткелі жүре алмадым еш күліп, Кешіктім бе қадіріңді кеш біліп?! Кеш біліп Сүйгенім сен екеніңді, мұңданам Әй, махаббат жарамды кеп тырнаған. Жұбатушы болады енді кім маған? Өкінем, Өртенемін қызғаныштың отымен. Сағындырмай мына байқұс жүректі, Тым болмаса бір көрінші өтінем? Өтінем, Бір көрінші, бір көрінші соңғы рет, Мен сол жерде қап кетейін елжіреп, Жасқа толы жанарыммен мөлдіреп. Сен едің Тағдырымды, әр күнімді гүл еткен, Сағындым ғой қаншама ай, жыл өткен, Сағынбасам ән тумайды жүректен...