Уақыт емші (исполнитель: BaGi x Абылай Хан)
Уақыт – емші Уақыт – емші, емдейді жүрек жарасын. Бірақ сүйгеніңнен айрылу, оны ұмыту – бұл оңай емес. Ендеше, жаным, мені тыңда. Қ-сы: Қол созып, жаным, саған, қайрылмай кеттің маған. Жүрегімді жұбатып қай жақтан тағат табам? Сағындым сенің мөлдіреген көздеріңді, Еске аламын әрбір айтқан сөздеріңді. Сені ойласамын бақыттымын бұл өмірде, Сенен артық жан жоқ маған бұл әлемде. Әлемде, ғаламда, бүкіл ғарыш даласында, Сені жоғалтып алдым, ал енді таба алам ба? Сен енді көрінбейсің, маған жай-жай елеңдейсің, Мен енді көре алмаймын, ал сен күлімдейсің. Мен сені көрмесем де, мүмкін, сен көріп тұрсың, Жүрегімнің дүрсілі, сен оны сезіп тұрсың. Қалай дегенімен, менің даусымды танисың, Өйткені әуендерімді сүйсініп тыңдайсың. Бір-ақ нәрсе білемін: соғады сен деп жүрегім, Жақын келіп тыңдашы, сезімімді байқашы. Сен – осы тілерім, сенбесең де, сенсең де, Өзіңе ант беремін, сені ғана сүйемін. Қ-сы: Қол созып, жаным, саған, қайрылмай кеттің маған. Жүрегімді жұбатып қай жақтан тағат табам? Махаббатта қосылмайсың – өмірдегі заңдылық, Саған деген сезімімді жеткізейін ән қылып. Қабылдап ем жүрегіме сені жақын жан қылып, Бара жатыр осы жағдай жүрегімді жандырып. Арадағы махаббат кетті қайда қаңғырып, Мен ойлаппын, сүйіктім, боламыз деп мәңгілік. Менің бос армандарым таусылған секілді, ия, Қалайша кетемін мен сені өзгеге қия. Қия алмаймын, қимаймын сені ешкімге, неліктен, Ғашық қылып өзіңе айырдың ғой еріктен. Мұз боп қатқан жүректі махаббатпен еріткен, Бас істемей сол кездерде айрылдым ғой серіктен. Неліктен, айтшы сен, айрылыстық екеуміз, Уақыт өте ойланып, айрылыстық бекер біз. Амал қанша, аяулым, екі жолмен кетерміз, Уақыт – емші дейді ғой, емдейді ме, көрерміз. Қ-сы: (x2) Қол созып, жаным, саған, қайрылмай кеттің маған. Жүрегімді жұбатып қай жақтан тағат табам?