Бұл өлең... (исполнитель: BALLER x BaGi)

Бұл өлең

Мінезім қатал болса да, жүрегім нәзік,
Саған деген сезімім айлы түндей анық.
Балдарыңа үлгі болатын әке болмасам да,
Маған ұл сыйласаң өзгеремін көз алдыңда.
Мен жайлы өсектерге сенбе, жүрегіңе сен,
Жай ғана “ия, жаным” десең өміріңді өзгертем.
Көрсетем өмірді түрлі түсті жағынан,
Сұрарым – менен алыстамай, сенгің маған.
Мен саған бөтен емеспін, сенің бір бөлігіңмін,
Сенсіз мен – тірі адамның өлігімін.
Күнде гүл сыйлайтын романтик болмасам да,
Менде де жүрек бар, жүрегім сені қалауда.
Уақытша махаббаттан шаршадым, шыны керек,
Енді түсіндім, түсінуіме сен болдың себеп.
Семен өмірімді басынана бастағым келеді,
Сенің әрбір жылы күлкің жүрегімді тербетеді.

Қ-сы: (x2)
Осы жерде болу керек қайырма,
Бұл өлең, әрине, махаббат жайында.
Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ,
Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.

Мен саған лайықтымын, екінші бөлігіңмін,
Жалғасын сенімен өткізем өз өмірімнің.
Сенен көрдім көзіңде жанған жалын отты,
Қанша бақытқа толы күндерім сенімен өтті.
Кейде ренжітемін әдейі жасамасам да,
Кейде ренжітесің жынға тиіп анда-санда.
Сонда да сенен өткен жанға жағар жан таппадым,
Болашаққа өзіңмен сенімді қадам аттадым.
Қасымда болсаң уақыт өтер зымырап,
Сен және мен жайында отырмын әуен жырлап.
Мен сенімдімін, сен – анасы баламның,
Сен жайында ой толғаймын деп ұшы сынды қаламның.
Тек қана бол менің, жаным, сен қасымда,
Ішкі сырыңды менен ешқашан да жасырма.
Ұмытпа, жаным, мен сені қатты сүйемін,
Біз бірге үй боламыз, мен оған анық сенемін.

Қ-сы: (x4)
Осы жерде болу керек қайырма,
Бұл өлең, әрине, махаббат жайында.
Әдемі дауыспен айтатын адам жоқ,
Сол себепті бұл өлеңде қайырма жоқ.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Макс Корж Где твоя любовь сука  Саманта Смит Софья Курбатова  Протопи мне баньку по белому  Виктор петлюра белая невеста  Новые приключения винни пуха  Обмани но останься виа гра  Не в зоне доступа Город 312  Высоцкий - Утреняя гимнастика! 
О чем песня
BALLER x BaGi - Бұл өлең...?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен