Майлықожаның термесі [2014] (исполнитель: Жазира Байырбекова)
Армысың ата-әже, қариялар Елімнің шежіресі, дариялар Армысың, аға-жеңгей, белестерім Ақылшым, маған берген кеңестерің. Армысың, құрбы-құрдас, жолдастаым, Өзімнің бірге ойнаған құрдастарым. Осындай достарымның тойларында-ей Өзімше осылай бір ән бастадым. Атасы жақсы қандай-ды Перзент қамын ойлайды Перзентім адам болсын деп Қылығына тоймайды. Анасы жақсы қандай-ды Қамқорлығы таудай-ды Қалқам деп шықса алдыңнан Кеудеңде қайғы қалмайды. Ағасы жақсы қандай-ды Алдыңда асқар таудай-ды. Сүйінгенде сүйініш, құлағанда қолдайды Інісі жақсы қандай-ды Айтқан бір тілді алғай-ды Ақылменен іс істеп Бетіңе күйе салмайды. Қарындас деген мейман дос Сірә да қапы қалмайды, Қиын іс түссе басыңа Туысқан қамын ойлайды. Жеңгесі жақсы қандай-ды Шаршап бір келсең жұмыстан Төсегің қамын салғай-ды Келіп тұрса ашуың Айналайын мырзаш деп Басыңнан сипап алдайды. Ағайын жақсы қандай-ды Туысқандық қалмайды Жездесі жақсы қандай-ды Әкеден кемі болмайды. Жиені жақсы қандай-ды Бөліп бір жеген нандай-ды Нағашы жақсы қандай-ды Үзілген жерді жалғайды. Осының бәрі бар болса, Есен де аман сау болса Айналайын, жақсылар Бақ-дәулет келіп басыңа Өзі оралып қонбай ма?