Алтын Ұям!!! (исполнитель: Жаhan feat)

Алтын ұя!!! 

Биылда бара алмаймыз ұстазға гүл құшақтап, 
Күтпейді мектеп партасы ынтығып қанша тұрсақта. 
Кезінде теңеп тозаққа құтылған зорға мектепке, 
Тартады ауласына сағыныш келіп жетектеп. 

Бұл бала нағыз тентек деп ұрысқан маған апайым, 
Қазірде қарап тұрсам үлкейген екен қартайып. 
Талай сәт бақытқа толы осында өтті достармен, 
Бөлістік осы мектепте алдағы арман жоспармен. 

Тоспа деп қанша мәрте айтсада ұстаз қайталап, 
Күтуші ек алдынан оның, сөмкесiн ұстап арқалап. 
Мақталған сәтте есімім жыл соңы қоңырауда, 
Болушы ед(i) үйде қонақтық, сырланып қоңыр аула. 

Мақтауға толған көк қағаз берілген кілең бестікке, 
Мақтаныш болған бiз үшін, басқамыз бастан кештік пе? 
Кеш түссе санар бестіктен, көз жазып мәңгі қалдық па? 
Шаң басып жатыр бәлкім, біздерге сейф сандықта. 

Қайырмасы: 

Алыстан аңсап келемін өзіне алтын ұям, 
Сенен алғаш бастау алған мендегі бала қиял... 
Саған деген сағынышым бiр әнге толық сыйа ма? 
Сенсің маған ұмытылмас шынайы бақыт сыйлаған...

Санамда сақтаулы тұр алғашқы қоңырау кезі, 
Сақтаулы бәрi-бәрi болғанша соңғы бал кешi. 
Ұстазым басымнан сипап айтқан ед(i) анашыма, 
Бұл бала жаман болмас тартса егер ағасына. 

Алғысым ұстазыма шексіздік деңгейіндей, 
Әріпті алғаш оқытты жалықпай бізге ерінбей. 
Терiлмей кетсе параққа өлең боп өрнектеле, 
Ол ұстаз еңбегі әрине үйретіп тірнектеген. 

Желінбей қалған ас жоқ-ау мектептік асханада, 
Қасымда досым Әтән бар тартып жеп асты басқадан. 
Жаза алмас бiз жайлы ешбір, ешқандай баспаханада, 
Тентектік көп iстедiк ұстаздар жаға ұстаған. 

Сыныптың iшi тас-талқан, ұзаса ұстаз дәлізге, 
Кiргенде көретін едi біздерді перi тәрізді. 
Сонда да соңғы балда ақ жолды тілед(і) біздерге, 
Келмендер енді қайта деп қазіргі кеткен iздермен. 

Жас түлек ұшты ұяннан ауылдан әр қалаға, 
Атанды бәрі студент оқуда өзі қалаған. 
Әрине сенің арқанда мектебім кiшi Мекке, 
Ұстаздан төгілген тер әйтеуір кетпед(i) текке. 

Кел десе егер маған бiрiншi қыркүйекте, 
Оқыр едім дамылсыз айналсамда құр сүйекке. 
Iштегi бұл күйік пе? қайтеміз өмір алда, 
Сондықтан ғұмыр кешемiз алаңдап атар таңға. 

Қайырмасы: 

Алыстан аңсап келемін өзіне алтын ұям, 
Сенен алғаш бастау алған мендегі бала қиял... 
Саған деген сағынышым бiр әнге толық сыйа ма? 
Сенсің маған ұмытылмас шынайы бақыт сыйлаған...
 
Бiз бүгін есейдік пе, алыста қалып балалық, 
Атанып үлгердік пе, жыл жарым өтпей қалалық. 
Кетiгiн тауып қалану, кiрпiш боп бұл өмірге, 
Алдағы мақсат ендігі айналған нөмір бірге. 

Десе де көңілде әлi сағыныш өткен күнге, 
Оянсақ қайта бала боп дейміз-ау әрбір түнде. 
Бағасын білмей уақыттың құр босқа сенделіппiз, 
Байқасам қазір тек қана тентектік меңгеріппiз. 

Сендерсін қоғам бөлшегі деп айтқан тарих ағайдың, 
Ақылы әркез есімде жақсылық бізге қалайтын. 
Тыңдайтын құлақ болмады сол кезде ұстаз ақылын, 
Содан ба қазір көбінің оқуы болған ақылы. 

Мектепте оқымағанды оқыдык универде, 
Кайтемiз кеш түсіндік біздерге білім керегін. 
Мектепте қашқан ұстаздан, жүгірдік мұнда артынан, 
Дәл сендей әумесерлер, мұнда да мыңдап артылад(ы). 

Сондықтан қазір тек оқы iнiшек, қарындасым, 
Сабақтан қашпа ешқашан кетседе қарның ашып. 
Бағала әрбір сәтті балалық шақты, мектепті, 
Уақытың құйын iспеттi кететін тез-тез желдетіп. 

Келмейді енді қайта оқушы болу біздерге, 
Қалғаны есту бізге тек қоңырау үнін күз келсе. 
Жүздестік кей достармен жылына бір-ақ марте, 
Сол үшін бағала досты көретін күнде таңертең....
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Слеза Упала В Кофе  Млечная дорога алёна ирина  Dragn от глупости  Гамора малая  Lowa когда я с ним  Любимая школа Барбарики и Наташа Королёва  The Eensy Weensy Spider  Asti не по пути 
О чем песня
Жаhan feat - Алтын Ұям!!!?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен