Мүмкін емес (исполнитель: BaGi [Romeo & Juliet])

Мүмкін емес

Арбауымен ішімдегі ібілістің
Ердім соңынан қысқа етекті әрбір қыздың.
Түсінбедім сырын нағыз махаббаттың,
Қыздарды ауыстырып үстінен аттап жаттым.
Ал сен болсаң күттің жалғыз қоңырауды,
Қойып кетті ұялың мазасыздан шырылдауды.
Мені ойлауды доғармадың ешқашан,
Жүректің жүрегінде сақтадың ғой әрқашан.
Көз жасың көл болып көрсетпедің, жасырдың,
Күтумен өзімді әрбір күнді атырдың.
Ал мен қыдырдым түкіргендей сезімге,
Уақыт өте арада өткен күндер езуде.
Жүрегім сезуде қателікті молынан,
Өткен күн өтіп кетті, қайта келмес соңымнан.
Салқында тоңудан қырау басты өкпемді,
Түсінші, қайтарғым келеді қайта көктемді.

Қайырмасы:
Оралып келмессің, мен үшін елессің,
Өте таныс сөздер – мен саған лайықты емеспін.
Мен саған лайықты емеспін...
Мен болсам – тұйық түн, сен болсаң – жарық күн,
Ай мен Күн теңесер, жаным менің, мүмкін.
Мүмкін емес, мүмкін емес, мүмкін емес...

Өтінем, кешір, айыпқа бұйырма,
Егер де естіп отсаң, соңына дейін тыңда.
Оңай емес мұнда өзіңсіз өмірім,
Сағынып қадамдауда саған деген көңілім.
Шаршадым, шыны керек, бет перделі пенделерден,
Өкініп өртенсем кешірдім деп сен келер ма ең.
Қайдам, білер ма ең, жолдар жатыр арада,
Одан бөлек салмақты сызат жатыр санада.
Кетейін садаға сені көру мүмкіндіктен,
Үзбедім сонда да тілдесетін бір үміттен.
Үлкен күдікпен шегіне бердім артқа,
Тәкаппар мінезіммен қараппын ғой тек алға.
Өзіңсіз келешек – ашығын айтсам, нашар,
Тағдырым, өтінем, сол бір күндерді қайтар.
Мүмкіндік болса ғой, қамалың болар едім, 
Мен сені жақсы көрем, сағындым, жаным менің.

Қайырмасы:
Оралып келмессің, мен үшін елессің,
Өте таныс сөздерім – мен саған лайықты емеспін.
Мен саған лайықты емеспін...
Мен болсам – тұйық түн, сен болсаң – жарық күн,
Ай мен Күн теңесер, жаным менің, мүмкін.
Мүмкін емес, мүмкін емес, мүмкін емес...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Было у тёщи семеро зятьёв  Говори мне это ола-ола победитель  Radhitu Billahi Rabba English Version 2012 Forgive  Taion Heidi  Меня зовут Агдам Ынал Буготак  Magic Crystal Dubstep Trance remix Неизвестный  Arab Money Basta Rhymes 20122013 
О чем песня
BaGi [Romeo & Juliet] - Мүмкін емес?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен