Ойлан балам (терме) (исполнитель: Мейрамбек Беспаев)

ҰЛЫМА СЫР немесе ӘННІҢ ӘСЕРІ
Ұлым, саған,
Айтарым көп, жетсе егер ғұмыр-шамам.
«Ұлық болсаң кішік бол» қай кезде де,
Ұлт дегенде шықпасын үнің сараң, – деген бір шумақ өлең Кемеңгерім дүниеге келгенде тілімнің ұшына оралған. Бұл – менің ұлыма деген жүрек түкпіріндегі ең іңкәр сезімім, әкелік махаббатымның белгісі.
Жақында Алматыға барған сапарымда ән олжалап қайттым. Досымның «тыңдашы» деп айтқанынан-ақ осы бір ескі һәм есті әнге шырмалып қалдым бір сәтте...
Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,
Бұл өмірге кімдер келіп-кетпеді... – Әкенің ұлына айтқан ақылы. Сыры. Өсиеті. Осы бір әнді Кеңес ағамыз (Дүйсекеев) өткен ғасырдың 80-жылдары баласына арнап жазған екен. Ән Досхан ағамыздың орындауында кеңінен танылды. Жүрекке жеткізе білгендіктен де болар қазақы қоңыр әуенді күні бүгінге дейін Досхан ағаға «теліп» келдік. Бұрынғы өткен абыздарын, «дала академиктерін», ұлттың ақсақалдарын, батагөй қарттарын сағынғандықтан да шығар, бәлкім...
...Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың. – Әкенің ұлына ақтарар жан сыры бұл. Өкініштісі, есті әннен алыстап, есер әншінің көбейгендігінен бе, әлде басқа себебі бар ма, аталмыш әнді Досхан ағаның орындауында естімегелі де көп болыпты.
Таудай биік азаматы болсаң да,
Айтпа, балам, биікпін деп халқыңнан... – Әкенің ұлына айтар өсиеті бұл, яғни Досхандардан кейін Мейрамбектей әншінің қазақ халқына жеткізер ән-аманаты. Қазақтың баласына айтар өсиетін композитор ән арқылы айтты, әнші жеткізді... Әннің құдіреті деген осы ма, әлде... Өйткені Мейрамбек досым аталмыш әнді ерекше мейіріммен орындағандай көрінді маған.

Сіздер де тыңдаңыздар.
Мейрамбек Бесбаев, «Ойлан, балам!» (сөзі: Ш.Сариев, әні: К.Дүйсекеев).
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Декей оо  Winter blossom Ai Mikaze Aoi Shouta  Я или т ы  Элита т  Holy Grail ONEmoon Edit Jay Z ft Justin Timberlake  В душе ни одного седого волоса AlexIch  Gangsters feat Giggs LOLO  Can Feel DaVIP Remix Breaks TRansgen 
О чем песня
Мейрамбек Беспаев - Ойлан балам (терме)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен