Көбелек (исполнитель: Qarakiri Qabanbay)

Бос коридор. Айқай. Қадамдардың дауыстары. 
Достар идолы байқайм алыстады, алыстады. 
Іштей бітпейтін хаостар бұл, ішті бітейді. 
Қауыздардың, тау бұзары, бар бірінде, 
Бірақ күн ұзарып ол тек қызарды 
Өз ішінде таласып оймен. Екі сана, үш пікірлер 
Түкпірден шығып түртуде, ал түр-түрлі адам түкірген. 
Ол түбірінде болған мүлдем, қарапайым, тұрпайы емес 
Оның күмбірінде толған бірдеңе “Қаратайық, құрттай кеңес 
Керек”.- деп сұрақ тұнад, дем құрғап тұрад, жас бұлақ болад, сабыр 
Керек ед. Құрақ құрад, құдайға жалынып 
“Неге менің ұлым ақымақ а?!” 
Жас біткен жылап. Тас, тікен аяқ асты. Кең балақ. 
Қастықпен қарап , бәс тіккен әлем. 
Қарсы дем ала Түсінген “түсінед мола”. 
Сай сала, сала салға заттар ағынмен кетем деп шешті, 
Айдала, бала салда жалғыз, айырмайд таң менен кешті. 
Сыртынан күледі бәрі, ол қойған оларға пауза, 
Оның өз әлемі бар, нұрланған мәңгілік зауза. 

Үнсіздіктің мәні – Көбелектің әні, 
Оранып отқа өртенген. 
Көбелектің әні, Көбелектің әні 
Құлағыңа жетер ме... 
Көбелектің әні, тек өзіңе мәлім, 
Өзгелерге ол естілмес. 
Көбелектің әні, көктемде туады 
Ал сен кездестің кеш. 

“Әлем де жанып кетсін тіпті, сіктім, 
Жан дүниемді жылытуға түрткі - тек күлкің. 
Үнсізбін, нөл сөз. Жыр сыздым мен тор көзде. 
Күрсіндім, түр сынды. Кіл сылқым бірақ сол көздер 
Болған ғайып, тартып барад мені әлі. Толғанайын... 
Өтіп күндер, туып алды толған ай, бірақ 
Батып жатты сезімдерге толған қайық тіптен оңай. 
Неге құдайдың жанында бола тұра сен немқұрайлы 
Маған қарап (Бұл не, ұнай ма?), көрінесің терезеден ұдайы?... 
Шаршадым, шаршадым, саған гүл әкеліп, қаққам шаңды. 
Әлі бейітіңде сөнбей тұр, жарығым деп көбелек жаққан шамы. 
... Маған күледі... Жынды дейді... 
Бәрібір боламын семен үндемей, сондықтан тағы да құй ақтан жаным. 
Қорқытам әкемді, тағы да өзіме қол жұмсайм деп, 
Қорынан ақша алып инеге мол жұмасайм мен. 
Сөйтіп семен көрісуге тырысам енді, 
Далада суық жаңбыр себелеп тұр. 
Құшағыңда сенің жылынсам.. Сен - 
Жарықтың елесі, мен – көбелекпін...” 

Қалаға күз келді, қалаға күз келді, 
Көбелек енді ұшпайды. 
Отты - күн деп сүйген, отты - күн деп сүйген 
Ол да бізге ұқсайды.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Voxis - I Just Wanna  Мне любовь дана  Я все равно тебя добьюсь Анюта Хали-Гали  Если ты со мной доминик джокер  Я а милого узнаю по походке  Oxxxymiron Russky  Белое плать 
О чем песня
Qarakiri Qabanbay - Көбелек?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен