Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
1. Әлі есімде 93-те жанұямның ақуалы, Әке шешемнің, қиналғаны көз алдымда әлі! Төсек тартқан әжем кәрі, Ыңырсып сырқаттанғаны. Сол кездің озіндеде Өткен екенбіз сынақтардан! Кездері бар жылап алған, Анамның оңашада. Үмітпен қарағаны Қиын жағдаймен болашаққа! Сегіз ай сүтсіз қара шәй іштік, Ия! Жоқшылық күндерім, ақылына кімнің сыйар? Жылы ұям, салқындаған кездерде есімде Әй інім, бауырым, сол кунді білесің бе? Сеніңде тиді үлесің, Азын-аулақ сауда саттық. Тас жүректер есімде үстімізден байып жатты. Нанға таптық тиын-тебен, есіңде ме?!!! Жоқ болсада жағдайымыз, Күш салмадық ешкімгеде! Әке-шешемеде улкен құрмет әрдайым! Осы шумақтарды, сол жылдарға мен арнаймын. Бар екен Құдайым, жар болған жанұяма! Ұрпағыма үлгі, көргенім жылы ұяда. Қағазға түскен сияда тауысылып барады Тоқшылық пен жоқшылықта сынағы екен Алланың! 2. Содан соң 96 іңгәлаған сәби дауысы, Тербеткенбіз іңімізді кезекпен кезек ауысып. Сол жылдары әкемде жан досын жоғалтты, Екіншісінеде, ажалы өз оғын атты. Жанына қатты батты қаралы күндер Жарасына ақпен жуып өткізді тундер Азайды сәттері кулген Сындырып сынайды, достарын есіңе алып кезетте жылайды Уақыт зулайды, кезегі келген сынақ Апатқа түскен әкені жібердік жылап Жан-жақтан ақша сұрап елден бір көмек Анашымның қиналғаны журекті кетті бір өртеп. Сәтсіздік тағыда төрде, қонақ болды Жоқшылық қайта оралды , байлады қолды. Жүрегі қайғыға толды, інісің ажал сайлады. Көз алдымнан кетер емес суық бір айларым. Әке озіңе арнадым осы бар шумақты Сынақтарға төзе білген сенсің ғой қуатты Тағыда жоғалттың, жыладық бірігіп Бұлда бір сынақ, өлгендер келмес тіріліп.. Kali