Не пайда (исполнитель: Нурмукасан)
Көгiлдiр көлден не пайда Жағасы жайсыз жар болса Суы ашық балық аз Жиегі тайыз тар болса ___ Көк аспаннан не пайда Көгiнде күн күлмесе Қыздар жиған мақтадай Ақша бұлттар жүрмесе Биік таудан не пайда Шыныңда аққар жатпаса Сылдырап аққан тау суын Сүйсынып балдай татпаса ___ Шайкалған балдан не пайда Жемiсiн жазда татпаса Шаршап бiр келiп жұмыстан Саясында жатпаса Жарық күннен не пайда Үйнде таның атпаса Бұл өмiрде қызық не Бұзығын шулап жатпаса ___ Байлықтан жиған не пайда Артыңда ұрпақ қалмаса Түн ұйқынды бөлгізген Сәбиден қолын талмаса Ер жiгiттен не пайда Қолына қару алмаса Елiн жарын туғанның Дұшпанан сақтап қалмаса ___ Аталы ұлдан не пайда Баталы сөздi ұқпаса Арақ iшiп мас болып Үлкенді үлгi тұтпаса Бір туғаннан не пайда Бірлігі оның болмаса Ыстыққа бірге жылынып Сууқа бірге тоңбаса Ағайыннан не пайда Көре алмай сенi күндесе Фалидін жалған екенiн Тiрлiкті ойлап бiлмесе Сансыз достан не пайда Жаныңды сенiң сезбесе Шындықты бiрге іздесып Қыйындыққа төзбесе ___ Жастық шақтан не пайда Жалындап бір жанбаса Айлы түнде қыдырып Махаббатқа қанбаса Кәрiлiктен не пайда Қартайып қызық көрмесе Асырап баққан ұл-қызын Қарызыңды өтеп бермесе ___ Сұлу қыздан не пайда Ресторан жанын торласа Доллар үшiн ар кіммен Ар намысын қорласа Сұлу жардан не пайда Тiрлiкте iсi болмаса Iздеп бiр досын келгенде Iйiлiп төсек салмаса ___ Көп бiлгенен не пайда Пайдасыз iште сақтасан Жастарды жийіп қасына Бiлгенiңді айтпасаң Мен бақылдан не пайда Тыңдайтын жан болмаса Бiлiмдiден шыққан сөз Жүрекке барып қонбаса Ойымды жинап келгенде Айтарым саған азамат Мұратыңа жетпесен Жамандыққа бетпе сен Ақыл айтқан адамға Өзім білем кет де сен Бұл өмірден не пайда Халқына қызмет етпесен Бұл фалиден не пайда Бұл жалғаннан не пайда Халқына қызмет етпесен