Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)
Сайдың серке тасындай қатар тізілген Шеру тартқан көркіңе елің сүйсінген Ән салшы, сарбазым, Назданып салған өзіңе әнім Ұлдар: Айхай, қамажайым-ай, салған әнің-ай, Сағынғаным, айхай, күлсең болғаны-ай. Жалаулаған алаулап жігер күшім сен Ауылың мен бауырың аңсағаныңмен Ән салшы, сарбазым, Ұсынған тілек өзіңе назым Ұлдар: Айхай, қара көзім-ай, тұнған сезім-ай Жандырады, айхай, айтқан сөзің-ай Қыздың сертін армандар ердің жүрегі Азаматым, боларсың елдің тірегі Ұлдар: Ән салшы, аруым Жүректе жанған оттай қаруым Пай-пай, қырандарым-ай, ұландарым-ай Шарықтасын,айхай, ұрандарың-ай Ер жігітке аманат туған даласы Даласына жарасар сұңқар баласы Ән салшы, сарбазым, Күтумен жүрмін өзіңді, жаным Ұлдар: Айхай, бұраң белім-ай, айдай керім-ай Аялаған, айхай, ардақты елім-ай Ән салшы, аруым, Жүректе жанған оттай қаруым Ән салшы, сарбазым, Назданып салған өзіңе әнім Ұлдар: Айхай, қара көзім-ай, тұнған сөзің-ай Жандырады, айхай, айтқан сөзің Пай-пай, қырандарым-ай, ұландарым-ай Шарықтасын,айхай, ұрандарың-ай