Берілген үміт (исполнитель: Ne1Tr0N[2kids])

(Оууу) Жаныма, әуеніме...
(Оууу) Сезімдер елесінде...
Арманды жетелеп өзіммен бірге,
....тікенді басып жүрекке.

1. Жарық жылдамдығын жоғалтпауда көрдім қанша амалды,
Жарыққа жүгірдім махаббаттан мен жараланып.
Жетім арманыма жар боп бұл өмір аралында,
Қараңғы тұстарын екеуміз бірге араладық.
Жаспын мен бірақ шығады тек осындай мәтіндер,
Мүмкін асығам ертерек ертегімді бітіруге.
Тәтті өмір пейзажы...мен сыртағы көрермен,
Жалықтым, болмайды бір ғана үміттермен жөтелуге.
Айнанын арғы шетінде жалғыз тындарман - 
Көрген өмірімді менің көздеріммен,
Жаман болғым келмейді бірақ сескенем құлаудан,
Мағына ұша ма деп сөздерімнен.
Бүкіл әлемнен жақындықты үздім мен,
Өз бұрышымды ғана құшақтап.
Бірақ мына өмір өз талаптарын жүктеп,
Айналдырды мені алақандағы құыршаққа. 

(Оууу) Жаныма, әуеніме...
(Оууу) Сезімдер елесінде...
Арманды жетелеп өзіммен бірге,
....тікенді басып жүрекке.

2. Кел,бірге аралайық менің күнжүйемді,
Шексіз қаранғыда күлге айналған планетеларды.
Афелий нүктесінен ұшады комета,
Жаудырып аспынында құйрықты жұлдыздарды.
Қысқартып кеңістікті жыл өткен сайын,
Күйдіріп радарларды бойымдағы SLIDER.
Ұқсамайды өзгеге мақсаттарым көздеген,
Мендей болсаң көзің жалында әрдайым.
Әр күн күрес келешектің есігіне...
Мәтін суретші Пикассо - құралған кескіндерден.
Бесіктен бері естімегем әке дауысын,
Әке мен шеше рөлін ауысып - анамның көріп тұрсын жемісін.
Сана мен сезімдер артықшылығын таппадым,
Абсалют нөлде: қалтырасамда, қатпадым.
Жылтырлап жақсам да, күйе табар жат жандар.
Биіктен  көрінгенде, жасырынып жатпаңдар.

 (Оууу) Жаныма, әуеніме...
(Оууу) Сезімдер елесінде...
Арманды жетелеп өзіммен бірге,
....тікенді басып жүрекке.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
The Little Things Give You Away Linkin Park  Bob Dylan Weight - Bob Dylan  Bob Dylan All Along The Watchtower - Bob Dylan  Bob Dylan Highway 61 Revisited - Bob Dylan  Bob Dylan Like A Rolling Stone - Bob Dylan  Bob Dylan Talking World War III Blues  Вульгарный Тонн Я тебя люблю  Bob Dylan Mighty Quinn 
О чем песня
Ne1Tr0N[2kids] - Берілген үміт?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен