канатыннын туси (исполнитель: Ернар Айдар)
Сағындым ба, сағындым ба Көңіл-күй жоқ ой мазалы. Неге қондың маған келіп, Сезімдердің шын ғазалы. Қою түнде есіміңді Жұлдыздармен кім жазады. Кімнің туып айы оңынан Болар екен кім жазалы. Қайырмасы: Жердің бетін киіндіріп Қанатыңның түсіне сай. Кім сенімен мақтануда Жүрсің жаным жерлерде қай? Сары алтындай сағыныш-ай Оттай жанған жүрегім-ай. Жалғыздықты көкте Жалғыз Бір түсінсе, түсінер-ай. Кірпігіңмен үп еткіз де, Үміт отын жандырсаңшы. Жаз боп кел де, қуаныштан Мені есімнен тандырсаңшы. Не болмаса өзің келіп Көңілімді қалдырсаңшы. Күз боп кел де, сұрланып ап, Сары жапырақ жаудырсаңшы.