Сен болмасан (исполнитель: М.Беспаев, С.Стамғазиева)
Сен болмасаң бұл жалған, Күнде уайым, күнде арман. Айналайын, гүлім-ау, Жүрегімде бүр жарған. Сен болмасаң, серігім, Аялайды мені кім? Ертелі кеш сен жаққа, Елеңдейді көңілім. Қайырмасы: Сен болмасаң, тірегім, Кімге жылап, күлемін? Жүрегімде тілегім, Алақанда жүрегім. Сенсіз мынау жалғанда, Өтер ме едім арманда? Елжірейсің балқисың, Мен әніме салғанда. Сен арқылы, жарығым, Бақытымды таныдым. Екеумізге бір ғұмыр, Бере гөрші тәңірім. Сен болмасаң, аяулым, Кімге құшақ жаярмын? Сағынышты сазыңмен, Жүрегімде жай алдың. Сен болмасаң жанымда, Жайқалмайды бағым да. Менің ғазиз тағдырым, Сенің ғана қолыңда.