Сабыр тубi...Кансонарда (Zhamagatpro.kz) (исполнитель: ТарЛан (Jamagat Prod.))

Сабыр түбі... - Қансонарда...
Айтпаса сөздің атасы өледі...

Дарияға тышар, дәрі болса ит боғы тіпті,
Ана тілді қолдаумен жасаудамыз хип-хоп үгітті.
Қансонарда әлі жоқ, Тарлан сірә микроны ұмытты,
Сабыр, дәл солай есте ме Алматы метроны күтті.

Кәне, ұғып көрейікші бастан аяқ реттеп ойды,
Иә, ол рэпты қойды, иә болмаса рэпке қойды.
Ел сенімін текке жойды, не болғаны, қандай мақсат,
Тыңдарманы күтіп сонша жақсы сөзбен таңдай қақса?!
Бағы тағы жанбай жатса түсінер ек, қысым ерек,
Кісі демек ЕС білетін, сөзі емес оның ісі керек.
Болжап қайттік, бақсы боп, құдай өзі атсын оқ,
Бірақ назға толды кеуде, жаман айтпай жақсы жоқ.
Бір жыл күттік, зорлап келдік амал жоқтай зор үмітті,
Өзімізді алдауға қиялымыздың қоры бітті.
Бірі ойша отқа салып, бірі келіп боқтасады,
Түрлі пікір қалыптасар жұрт ойында жоқта сабыр.
Сол сәт ойын айтуға тіпті Алдар көсе даяр,
Дау-дабыра, көпірме сөз және жалған өсек-аяң.
Аяқасты төрешілер жерден алып жерге салар,
Ер тағдырын сынайтын да талқылайтын елге салам...
Салам, салам алейкум, боранды алай-дүлей күн,
Жындыларға білмеймін сабырды қалай тілейтін.
Мен туралы дерек жазу бітпей қойған үрдіс әлі,
Естімеген болсаң онда міне соның бір мысалы:

Қырылдаған дауыспен жатса да қиырға жетіп,
Мейлі тіпті болса да мәлімет миында жетік,
Бізге ауыр ақпараттың жоқ тек бір тиын қажеті,
Өзі және ересек, жасын көр жиырма жеті.
Бұның жасап жатқаны жас баланың әуестігі,
Және екі мұрынбоқтан обалы не дау естіді.
Емес пе еді ол кеше тұңғыш баттл жеңімпазы,
Енді оған дисс жазып даңқты болу жеңіл қазір.
Және байқағаным ол жақын бөтен атауларға,
Нағыз қазақ Тарлан емес, Смерч яки Жақау барда.
Ол тұрғанда өзгелерден күтетіндей үміт біткен,
Ал Тарланның Асамен бірігуі жігіттік пе?

Осы сынды сыбыстар ғаламторда қанша тағы,
Оқи берсең саны жоқ еріксіз де шаршатады.
Қанша адам сонша пікір, созылып жатқан он шақырым,
Сыздықтатып жатқанда қолыңда болсын қолшатырың.
Бұнда өсиет жоқ, өсек қалар қомақты,
Бұл әркімге ерік берген еркін ел ғаламтор атты.
Бұнда көбі біледі, көбі жерік үнемі,
Бір ит көріп үреді, бір ит еріп үреді.
Қатысы жоқ сөз айтуды жөн көріп, қажет қараған,
Жастар жақсы жиынды айналдырар әжетханаға.
Пікірдің де аяқасты өзгерері бар содан да,
Сабыр, тыңдарман қауым, сабыр түбі қансонарда.
Қайттік, расымен де күтіп отыр көпшілік,
Бірі дейді қыс өтті ғой, көктем орнап шөп шығып.
Бірақ кейін не десін сөйлеу өктемдері қалды,
Көргенде кездейсоқ қарды, көктемдегі қарды.
Көптен бері қалғып, жарнама ғып жүрген емес,
Есек не жемейді, демек кім не демес.
Бірайтарым, болар зат та болу қажет сапа күшті,
Альбом неге әлі жоқ?
Патамушта, патамушта...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Martla  Kempel-много мата  От вершины до самых низов  Violetta voy por ti  Nightengales eyes  SU stronger than you  К Богородице Валерий Малышев  Shri Ram Jai Ram 
О чем песня
ТарЛан (Jamagat Prod.) - Сабыр тубi...Кансонарда (Zhamagatpro.kz)?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен