Үкілі кәмшәт (исполнитель: melomen)
Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Иықтан шашың төгіліп жерге, Күмісті шашбау жарасып белге. Қиылған қасың, қарақат көзің, Жүректі баурап, оятар сезім. Тал бойың нәзік - қызғалдақ гүлдей, Дидарың нұрлы - шуақты күндей. Жаңарып қайта, жаңғырып көне, Ләззат алар көрген жан сенен. Көркіңнен сенің айналдым, еркем, Қазақтың салтын сақтаған, көркем.