Қадірлей біл (исполнитель: ZHan Bull)

ZHan Bull (Bai MG) – Қадірлей біл

Назарыңды бөл бері інім менің ойлан да жауап бер аташы әлемдегі ең бай 5 кісінің есімін
Ғалам сұлуларының осы соңғы үш жылдағы бас жеңімпаздарының аттарын атап өтші
Балық басы сонша ұмтылатын Нөбіл сыйлығының жеңімпаздарының есімдері есіңде қалды ма
Жас қыздар сонша сүйетін актерлердің ішіндегі соңғы Оскарды алғандардың аттарын атап өтші

Ойыңа еш келмей тұр солай ма?! Қатты уайымдама, олар ешкімнің есінде емес
Ду қол шапалақтар тынышталады, сыйлықтарды да қалың шаң басып қалады
Жеңімпаздарды кішкенден соң ұмыта бастайды Жеңімпаздарды кішкенден соң ұмыта бастайды
Жеңімпаздарды кішкенден соң ұмыта бастайды Жеңімпаздарды кішкенден соң ұмыта бастайды

Жаныңдағы кісілердің қадірін біл
Өз ойыңды түсіндіру үшін, бар өзімізде ана тіл
Дұрыспен бұрысты ісіне қарап ажырата біл
Сені сүйген жанды қадірлеп сүйе біл

Қолдағы бар алтынның қадірін біл
Өз ойыңды түсіндіру үшін, бар өзімізде ана тіл
Дұрыспен бұрысты ісіне қарап ажырата біл
Сені сүйген жанды қадірлеп сүйе біл

Ал енді сені еш қиындықта қалдырмас, бірнеше достарыңның аттарын қаттырақ ата
Мектепте білім беріп, әліппе үйреткен ұстаздарыңды есіңе аласың ба алғыс айта 
Біршама кісіні еске алшы сенің мейіріміңді оятып жылы сезімдерді сезіндірген
Өзіңді шексіз сүйетін пенделерді еске ала кет! Бұл оңайырақ па екен?!  оңайырақ па екен?! 

Жаныңдағы адамдар үшін кішкене болсың маңызың бар! Олар әлемдік іріктеуден үздік атанбағандар,
баршадан артық ақшаны шотында ұстамағандар, Ұлықтатылған сыйларға ие болмағандар.
Сен жайлы ойлап, сені қымбат көретін қандай сәт келсе де өзіңмен қалатындар жайлы бір сәт ойлана өтші бұл жалған тым келте мұны өтініш бір сәтке ұмытпағайсыңдар
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Песня на последний звонок –  Гамора петли  Полетели сквозь окна 
О чем песня
ZHan Bull - Қадірлей біл?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен