Қалалық ақ қыз (исполнитель: Ғалымжан Молданазар)

ҚАЛАЛЫҚ АҚ ҚЫЗ

Жұпарлы иіс су
Бұрыннан таныс маған,
Сүйкімді және қу
Көздерің қадалған.
Майысып шыбықтай
Қылығыменен арбаған,
Көркіменен дуалаған,
Қалалық ақ қыз!

Аспаннан жұлдыз терейін,
Айды да алып берейін,
Еркіңе сенің көнейін.
Ұғынып әркез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым,
Қалалық ақ қыз!

Тәкаппар мінезің
Жүзіңде анық ойнаған,
Бетіңнің пердесі
Сәт сайын ауысқан.
Қауіпті жақындау
Батылым жетпей жүрмін-ау
Әуреге мені салдың-ау,
Қалалық ақ қыз!

Аспаннан жұлдыз терейін,
Айды да алып берейін,
Еркіңе сенің көнейін.
Ұғынып әркез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым,
Қалалық ақ қыз!

Ұғынып әркез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Я не смогу  Участь  Мой сон  Because of You медляк Kelly Clarkson  Движение вспять алиса  МОЯ СЕМЬЯ  Может  Я хочу к тебе 
О чем песня
Ғалымжан Молданазар - Қалалық ақ қыз?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен