Отсутствует (исполнитель: Неизвестен)

Жұлып алып жүрегімнің парасын
Ұзатылып өзге үйге барасың
Барған жерді бақытты қыл, жан қызым
Қосағыңмен тауып бірге жарасым
Бас иемін бабалардың салтына
Мұра қылып тастап кеткен халқына
Босағадан аттап шығар кезіңде
Алаңдама, қарайлама артыңа

Жылама қызым, жат жұрттық боп туғансың
Жылама қызым, қадамыңа гүл жаусын
Жылама қызым.
Жылама қызым жасқа тұнып жанарың,
Жылама қызым сәтті болсын қадамың
Жылама қызым, жылама қызым...

Бақшамдағы жайнап өскен гүл едің
Қимай сені елжірейді жүрегім
Анашыңның жүзін жерге қаратпа
Жаратқаннан бақытыңды тіледім

Жылама қызым, жат жұрттық боп туғансың
Жылама қызым, қадамыңа гүл жаусын
Жылама қызым.
Жылама қызым жасқа тұнып жанарың,
Жылама қызым сәтті болсын қадамың
Жылама қызым, жылама қызым...

Бой жетсең де әлі маған баласың
Өзге елден бақытыңды табасың
Елші сынды отырасың енді сен
Жалғастырып екі елдің арасын

Жылама қызым, жат жұрттық боп туғансың
Жылама қызым, қадамыңа гүл жаусын
Жылама қызым.
Жылама қызым жасқа тұнып жанарың,
Жылама қызым сәтті болсын қадамың
Жылама қызым, жылама қызым...
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Ария english  Рубль пиздец  The postal service this place is a prison  Мама когда  Fall again glenn lewis  XXX SHOP Oxxxymiron ft Porchy  Курим кальян  Drowning pool 37 stitches 
О чем песня
Неизвестен - Отсутствует?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен