Не пайда (исполнитель: Нурмукасан)
Көгiлдiр көлден не пайда Жағасы жайсыз жар болса Суы ашық балық аз Жиегі тайыз тар болса Көк аспаннан не пайда Көгiнде күн күлмесе Қыздар жиған мақтадай Ақша бұлттар жүрмесе Биік таудан не пайда Шыныңда аққар жатпаса Сылдырап аққан тау суын Сүйсынып балдай татпаса Шайкалған балдан не пайда Жемiсiн жазда татпаса Шаршап бiр келiп жұмыстан Саясында жатпаса Жарық күннен не пайда Үйнде таның атпаса Бұл өмiрде қызық не Бұзығын шулап жатпаса Байлықтан жиған не пайда Артыңда ұрпақ қалмаса Түн ұйқынды бөлгізген Сәбиден қолын талмаса Ер жiгiттен не пайда Қолына қару алмаса Елiн жарын туғанның Дұшпанан сақтап қалмаса Аталы ұлдан не пайда Баталы сөздi ұқпаса Арақ iшiп мас болып Үлкенді үлгi тұтпаса Бір туғаннан не пайда Бірлігі оның болмаса Ыстыққа бірге жылынып Сууқа бірге тоңбаса Ағайыннан не пайда Көре алмай сенi күндесе Фалидін жалған екенiн Тiрлiкті ойлап бiлмесе Сансыз достан не пайда Жаныңды сенiң сезбесе Шындықты бiрге іздесып Қыйындыққа төзбесе Жастық шақтан не пайда Жалындап бір жанбаса Айлы түнде қыдырып Махаббатқа қанбаса Кәрiлiктен не пайда Қартайып қызық көрмесе Асырап баққан ұл-қызын Қарызыңды өтеп бермесе Сұлу қыздан не пайда Ресторан жанын торласа Доллар үшiн ар кіммен Ар намысын қорласа Сұлу жардан не пайда Тiрлiкте iсi болмаса Iздеп бiр досын келгенде Iйiлiп төсек салмаса Көп бiлгенен не пайда Пайдасыз iште сақтасан Жастарды жийіп қасына Бiлгенiңді айтпасаң Мен бақылдан не пайда Тыңдайтын жан болмаса Бiлiмдiден шыққан сөз Жүрекке барып қонбаса Ойымды жинап келгенде Айтарым саған азамат Мұратыңа жетпесен Жамандыққа бетпе сен Ақыл айтқан адамға Өзім білем кет де сен Бұл өмірден не пайда Халқына қызмет етпесен Бұл фалиден не пайда Бұл жалғаннан не пайда Халқына қызмет етпесен