Сен қайда жүрсің? (исполнитель: Гулзат)
Сен қайда жүрсің? Мені осынша сағындырып, Жүрегімді лаулатып, жалын қылып. Мен сені іздеп жүрмін, Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн, Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып. Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза. Кеудемде қамалған үн, шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым. Басқаларға айта алмас сырымды мен Ішімдегі бүгіп жүрем - ақтаруға тек қана саған бәрін. Жанымды жайып салам, Көмілмей жасқа, мұңға, Орап сені сағыныш – ақ сағымға. Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса, Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша, Отырамын көз ілмей бас жағыңда. Арпалысқан сәтте сол сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт Әттең атып қалады-ау таң да күліп… Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма, Ол да сені нұрымен аймалай ма?