Бітпейтін Мелодрама (исполнитель: Баги Баллер)

Айтады “Оның қай жеріне қызықтың?” деп,
Менің өмірім, қайтесің мен үшін терлеп?
Қойдым жерлеп жүрегімді соқпайтын,
Ақыл айтатын көп, мөлшерден тыс оттайтын.
Өзіңді жоқтайтын ынтазар саған көңіл,
Ақ жауын, нөсерле, менің үстіме төгіл.
Бұның аты – “өмір”, киноның аты солай,
Қарасаң шетінен көрермендерге оңай.
Байқасаң, бақытың сенің баянды болғай,
Жар болсын өзіңе Жаратқан жалғыз Құдай.
Тіршілік көзіндей қажет болдың ғой судай,
Төгіліп қолымнан ғайып болдың ғой будай.
Ескерусіз қала берді ескірген мендік сезім,
Сабырға шақырады шыдамы біткен төзім.
Жетім болды сөзім, бағытына бармаған,
Қаңғырып қайда кетті өлеңдерім арнаған?

Қайырмасы:
Біздің махаббатымыз – бітпейтін мелодрамма,
Қоршаған адамдар, қаптаған голограмма.
Олардың сөздері – мағынасыз фонограмма,
Қоштасып барамыз, біздерде амал бар ма.

Қараған көз бұзады, айтылған сөз бұзады,
Не керек, жігітті сезім және қыз бұзады.
Тағдыр түрлі сызады, қосады, айырады,
Бейімделсең ұшуға, қанаттан қайырады.
Бөлмеде жаңғырады қайталанып есімің,
Сенсіз өмір – мәз емес, осыны түсіндім.
Қайғырып күрсіндім, сөгіліп үзілдім,
Амалы орындалды өмірімді бұзудың.
Сыйлаған гүлдерім, олар ұзақ өмір сүрмеді,
Ал менің көңілім бүршік атып, қайта гүлдеді.
Ол оны түсінбеді, жұрттардың айтатын сөзі,
Кім артық саған, мен ба, әлде құрбыларың ба өзі?
Олардың көзі жайнайды мені көрсе,
BaGi тілдесіп бізбен сәл ғана уақыт бөлсе.
Ақымақ соны түсінсе, достарына сенбес еді,
Құрбыларын емес, мені таңдайтын еді.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Sandra Johnny Wanna Live  Sandra The Way I Am  Sandra The Art Of Love  Sandra What Is It About Me  Sandra Silence Beside Me  Sandra Once Upon A Time  Sandra Put Your Arms Around Me 
О чем песня
Баги Баллер - Бітпейтін Мелодрама?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен