Ғашықпын (2014) (исполнитель: Мейрамбек Беспаев)
Жайнатқан көңілді бір ғажап сезіммен, Бақытты болуды үйрендім өзіңнен. Өтермем сезбестей сезімнің барлығын, Өзіңмен кездеспей қалғанда тағдырым. Қайырмасы: Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің, Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің. Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің, Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің. Теқ қана айналма әніме өзгенің, Мен үшін айдан да әдемі көздерің. Бола алмай серік бір арманым жоғалған, Сен болып келіп тұр қол жетпес сол арман. Қайырмасы: Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің, Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің. Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің, Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.