мен деп ойла (исполнитель: Ауен тобы)

Сағындым ғой дедің – ау, жаным маған... 
Бұлт көрдің бе таулардан мамырлаған? 
Сол менің ақ жанымның ақ жалыны, 
Аулақта ауылымнан дамылдаған. 

Мен деп ойла самал есiп өткен,
Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын, 
Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла. (х2)

Естідің бе аспанның күрсінгенін? 
Сол менің саған деген тылсым демім. 
Ұйықтап жатса оянсын, ояу болса, 
Күңіренген жанымды білсін дедім. 

Мен деп ойла самал есiп өткен,
Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын, 
Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла.

Мен деп ойла…

Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла.

Мен деп ойла самал есiп өткен,
Мен деп ойла нөсердi есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн сайын, 
Мен деп ойла, өзіңді, мен деп ойла.
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
Is the best day  Waiting for You Bent  You are the woman  Татьяна Иванов  Новый год новый год елки шарики хлопушки  Hysteric Yeah Yeah Yeahs  After an Afternoon Jason Mraz  Love on the Telephone Foreigner 
О чем песня
Ауен тобы - мен деп ойла?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен