Қазақпын мен деп мақтанам (исполнитель: Ринат)

Қылышымен қорғап
байтақ даласын,
Бір жаратқан артық еткен
бағасын.
Мен қазақпын, мекен
еткен осынау
Алтай менен Атыраудың
арасын...

Ұлы Жүзбін берген серттен
таймаған,
Орта жүзбін қызыл тілі
сайраған,
Кіші жүзбін бес қаруын
сайлаған,
Үш жүзім де бір қазақ боп
жайнаған...

Атқа мінсек, біз алапат
тасқынбыз,
Аллаға құл, басқасына
тақсырмыз,
Санымыз аз болғанменен
айбатты,
Көп иттерге таланбаған
қасқырмыз...

Менің бабам жауға найза
түйреген,
Дұшпандарын терідей қып
илеген.
Қыран құстай жайып
тастап қанатын,
Мен қазақпын, қара жорға
билеген...

Мен қазақпын, өзен-көлі,
тауы бар,
Мен қазақпын басында зор
бағы бар.
Маған қарсы шабам десең,
картадан,
Жоңғария деген елді
тауып ал...

Қазақ деген артық туған
бірінен,
Елін сүйген, жерін сүйген
жанымен.
Сақ бабамның ұлылығын
жаңғыртып,
Бар әлемге билік айтам әлі
мен!

Мен ҚАЗАҚ деген
халықпын,
Анығын айтсам, анық біл,
Желтоқсанда жағырып,
Егемендікті алыппын.
Кесапаттардан қаптаған
Бір Алла өзі сақтаған,
Көре алмай жүрген
дұшпанға,
Қазақпын мен деп
мақтанам....
Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте

Видео к песне:
Открытка с текстом :
Удобно отправить или распечатать
Создать открытку
У нас недавно искали песни:
За здоровый  I want to show you  Низкие басы Лютые тазы  Амэно  In My Heart Serezhadelal  Парк шарлотты  Kenji Kawai  Гештальт гудки 
О чем песня
Ринат - Қазақпын мен деп мақтанам?
2020 © Tekstovoi.Ru Тексты песен