Өмір-Өмір (исполнитель: Самат Жангазин)
Өмір-Өмір
«Әні» Ұшқын Жамалбек
«Сөзі»Манас Қайыртайұлы
1
Сағындырғын сағым қуған күндер
Ай толықсып жұлдыз жанған түндер
Дүниеден кім кетпеді кімдер
2
Өмір өмір қуанғанға көлдей
Қайғы жұтып қуарғанға шөлдей
Өтерсің-ау соғып өткен желдей
Қайырмасы
Қуантады мұңайтады өмір
Жылатады тыңайтады өмір
Өз қолыңда тағдырыңның кілті
Қайта келмес бұлай тағы өмір
3
Бес күндік деп баға берген бабам
Күңірентіп күрсінтсе де заман
Шыда досым тайғанамай тағаң
4
Өмір-ай деп шырқаған мен әнді
Баста дәурен аялдамас мәңгі
Әрбір адам тірлік кешсін мәнді
2-Қайырмасы
Біреуге Ащы ал біреуге шекер
Бұл жалғанды сүрмеу керек бекер
Қолда барды жоғалтумен кейде
Жоғалғанды іздеуменен өтер